- Advertisement -

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

132

- Advertisement -

Танымал қазақстандық кәсіби боксшы, WBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов спорттағы карьерасын аяқтау жөнінде шешім қабылдады.

«Мен карьерамды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Оған негіз болған себептер аз емес. Мен 3-4 ай бойы ойланып, бүгін міне, тиісті шешім қабылдадым. Осы уақытқа дейін мені қолдап келген азаматтардың барлығына алғасымды білдіргім келеді. Бірінші кезекте мен жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ бақилық болған бапкерім, Александр Николаевич Лебедевке алғым шексіз. Бапкерлерім Рикки Хаттон, Майк Джексон, Виктор Ивановқа басымды иемін. Менеджерлерім Филипп Фондю мен Ерік Жайлауовқа рахмет. Бұлардың барлығы да маған барлық жағынан қолдау көрсеткен азаматтар. Мен үлкен жолдан өттім, енді соны аяқтайтын уақыт та жеткен сияқты»,-деп мәлімдеді Жанат Жақиянов.

Дереккөз: egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support