- Advertisement -

Жайдарлы жолсерік Гүлмира

132

- Advertisement -

Апталап жолда жүретін жолсеріктердің жұмысының жеңіл емесі айтпаса да түсінікті. Ал әйел баласы үшін бұл кәсіптің қиындығы мен жауапкер­шілігі тіпті ерекше. Жолсерік Гүлмира Жәнібековамен сөйлескенде біз
осыған көз жеткізе түскендей болдық.

Гүлмира Расылханқызы – «жолсеріктер әулетінен» шыққан қазақтың қайсар қыздарының бірі. Әкесі Расылхан Жәнібеков пен анасы Сейсекүл Өтеулиева осы салада еңбек етіпті. Әкесі дүниеден ертерек озған. Ал Сейсекүл ана осы маман­дықтың майталманы атанып, құрметті зейнеткерлікке шығып, ақжаулықты әже атанып отырған жайы бар.
Гүлмираның осы саланы таңдауына анасының ықпалы болыпты. Шойынжол көлі­гінің ресторан-вагонында жолсерік-асханашы болып еңбек ететін ол жолда жүруді ұнатады. Бір қызығы, қазір ол анасы талай жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан вагонда қызмет жасауда. Он екі жылдан бері осы вагонның белді қызметкерлерінің бірі.
– Анам зейнетке шыққан жылы осы вагонға жұмысқа орналастым. Бұл тек керемет сәйкестік. Анамның үмітін ақтап, соның абыройлы еңбек жолын жалғастыруға барымды салып жүрмін. Жолаушылардың көңіл-күйі жақсы болу үшін сапалы қызмет көрсетуге тырысамын. Бала кезден жолда жүріп, еліміздің кең даласын аралағанды жанымдай жақсы көретінмін, бүгін сол арманымның орындалғанына шүкір деймін, – дейді Гүлмира.
Гүлмира Расылханқызы тек жайдарлы жолсерік қана емес, үш балаға тәрбие беріп отырған аяулы ана. Үлкен ұлы қаржы саласында еңбек етіп жүрсе, кіші ұлы мен қызы – мектеп оқушылары.

Жанғазы АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support