- Advertisement -

Қолдау көрсету — басты жұмысымыз

218

- Advertisement -

Облысымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 2004 жылдан бастап Жастар ресурстық орталықтары құрылып, жұмыс атқаруда. Қазір өңірдегі 12 орталықта
285 маман еңбек етуде.
Өңірде жастар саясаты қарқынды түрде жүзеге асырылуда.

Жалпы, жастардың белсенді бола түскені мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасы деп ойлаймын.
Негізі Жастар ресурстық орталықтарына қоғамдық бірлестіктер мен білім мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдар мен кәсіпорындардағы белсенді жастарды ұйымдастырып, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру міндеті жүктелген.
Өткен жылы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жобалар мен бастамаларды қолдау, дарынды ұл-қыздарды анықтау, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі байқаулар, акциялар мен флеш-мобтар, көңілді тапқырлар ойындарын, пікірсайыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрды. Атап айтар болсақ, жастардың танымын кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «The Youth Live» атты фотокросс, жастар мәдениеті мен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Караоке батл», «Рэп батл», «Стрит воркаут» «Брэйк данс батл», «Біздің аула» атты байқау, «ЭКСПО – 2017» атты оқыту-сауықтыру көп күндігін, «Қызғалдақ» акциясын, «Аңыз қала» атты квест ойынын, «Біздің ағаш» атты аумақты абаттандыру және «Сиқырлы ағаш» атты ярнбомбинг өткізді. Сонымен қатар ХІІІ облыстық жастар дельфийлік ойындары және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе атқарылған «Жастар қоғам сақшыларымен бірге» акциясы бар. Биыл да көптеген жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда.
Өңірде 5 мыңға жуық жас психологиялық, құқықтық кеңеске зәру. Олар нәтижелі жұмыспен қамту шараларының шарапатын сезінгісі келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін көмектерді пайдаланып, әлеуметтік мәселелерін шешуді қалайды. Сондықтан біз биыл осы бағытта 2000-нан аса түрлі іс-шара ұйымдастырмақпыз. Жұмыстың нәтижесін көрсету – басты талап.

Айжан ЕРКЕБАЕВА,
облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастарға консультациялық
қызмет көрсету және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support