- Advertisement -

Цифрландыру – жетістік кепілі

102

- Advertisement -

Осы аптада еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында облысымызға келді.

Негізінен Қаржы министрлігіне қарасты комитет басшыларынан құралған ақпараттық топ мүшелері «Т.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» АҚ мен «Таразэнергоорталық» АҚ-ында болып, жұмысшылармен кездесті.
– Жалпы мен Жамбыл жеріне осымен үшінші жыл қатарынан келіп отырмын. Сондықтан облыстың қалай дамып, қай деңгейде келе жатқанынан, мұндағы проблемалармен жете таныспын десем болады. Облыс әкімі А.Мырзахметовтің есебіне қатысқанымда біраз мәселеге қанық болдым.
Сіздер еңбек етіп жатқан энергетика саласы – экономиканың ең негізгі бөлігінің бірі. Жоспарлар айқын, қиыншылықтар да жоқ емес. Мысалы, шикізат, оның бағасы деген сынды мәселелер. Олардың бәрін біртіндеп, жүйелі түрде шешу керек. Мұндағы мамандардың біліктілігіне, Елбасы Жолдауында көрсетілген цифрландыру мәселесіне баса назар аударғанымыз жөн. Байқауымша, екі акционерлік қоғамда да жастардың үлесі басымырақ. Бұл, әрине, қуантады, – деген Қаржы министрі Жолдаудағы негізгі басымдықтарға жеке-жеке тоқталып өтті.
Содан соң Бақыт Тұрлыханұлы облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде болып, онда облыстағы қаржы саласының өкілдерімен кездесті. Жиын барысында департамент басшысы Құлмұханбет Исақов министрді өткен жылдың қорытындыларымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өз сөзінде Қ. Исақов былтыр 2016 жылмен салыстырғанда тексерулер саны 55,6 пайызға қысқарғанын, осы аралықта 17 кедендік тексеру жүргізіліп, 108,5 миллион теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар өндірілгенін атап өтті. Сондай-ақ жергілікті бюджеттің болжамы 104,0 пайызға орындалып, 1,8 миллиард теңге артығымен түскенін айтты.
Басқосу барысында мұнымен қоса, облыс бойынша қазынашылық, ішкі аудит департаменттерінің, өзге де салаға қатысты мекемелердің хабарламалары тыңдалды.

Эльвира Жарылқасынова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support