- Advertisement -

Міндет мүлтіксіз орындалса

97

- Advertisement -

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы негізгі он міндеттің ішінде білімді жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесі кеңінен қамтылған. Мұны өзге оқу орындары секілді Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары да жүзеге асыруға мүдделі. Бұл жайында оқу орнының мәжіліс залында өткен «Жолдау – дамудың жаңа бағыты» атты облыстық конференцияда кеңінен айтылды.

Басқосуда колледждің директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Жанар Орынбаева баяндама жасап, Жолдаудың 10 міндетіне тоқталып, оған оқытушылардың қосатын үлесін талдап айтып берді. Осында білім алып жатқан, жаңа технологияны еркін меңгерген, заман талабына бейім жастарға қарап, политехникалық колледждің еліміздегі ең таңдаулы 10 орта арнаулы оқу орындары қатарына қосылғаны бекер емесін түсінесіз.
Олар бәсекелік қабілетті дамытуға қазірден дайын. Себебі колледж қазірдің өзінде алыс-жақын бірнеше шетелмен білім саласын дамыту үшін байланыс орнатып, тиімді шараларды жүзеге асыруда. Колледж директорының орынбасары Саят Қойшыбаев оқыту үдерісін әрі қарай жетілдіру бағытында қолға алынған шаралардың ауқымды екенін айтады. Сондай-ақ арнайы пән оқытушысы Тамара Әшімованың айтуынша, қазір мұнда үш тілде білім берудің малайзиялық тәсілі қолданысқа енгізілген.
Конференцияда «Тараз строй инжиниринг» ЖШС жалпы құрылыс жұмыстары бойынша сарапшысы Қаңтар Апсәлімов еліміздегі өркенді істерге тоқталып, соның арқасында тұрғын үй көлемі әр азаматқа шаққанда 30 шаршы метрге жеткенін, бүгінде салынып жатқан көп қабатты үйлерде экологиялық тазалыққа мән беріліп жатқанын жеткізді. «Авто-911» ЖШС-ның бас маманы Жамбыл Темірханов Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асырудағы жоспарларымен бөлісті.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support