- Advertisement -

Еліміз жаңару жолында

122

- Advertisement -

Облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында облыстық кәсіподақ белсенділерінің кеңейтілген жиыны өтті.

Оның негізгі мәні – халқымыздың ұлттық санасын жаңғыртуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға кәсіподақтардың белсене атсалысу жолдарын анықтау. Жиында облыстық кәсіподақ орталығының төрайымы Бақыт Сапарбаева Қазақстан экономикалық жаңару жолында екендігін атап өтті.
Қазақстан латын әліпбиіне көшуге қадам жасауда. Президенттің бұл шешімі біздің еліміздің жаhандық дамуға ілесуін тездететініне сенімдіміз.
Мемлекет басшысы мақаласындағы негізгі қағидаттардың қатарында қазақ халқының мәдениетін, тілін жаңғырту, қалыптасқан дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау және дамыту мәселелері аталды. Сондай-ақ бұл бағдарлама біздің бірлігімізді сақтап қалуға, діни экстремизм мен сепаратизмге қарсы тұруымызға көмектесетін жаңғыру жолы деп қабылдау керек.
Кәсіподақтар да жаңғыру жолын таңдайды. Бұл – өз кезегінде, әлеуметтік серіктестіктің жаңа қатынастарын дамытуда, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, лайықты жалақы, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық жаппай оқу міндеттерін іске асырудан көрініс табатын болады.
 

Алма Жұрмұхамедова,
облыстық кәсіподақтар орталығының қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support