- Advertisement -

Жастардың Отаншылдығын оятты

136

- Advertisement -

«Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында ғылыми-тәжірибелік конференция Меркі аудандық Балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайында өтті. Конференция жұмысын аталған қоғамдық бірлестіктің төрайымы Шапағат Сүйімқұл ашып, жүргізіп отырды. Ол Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттер жөнінде хабарлама жасады.

Мұнан соң тіл маманы Жарқынай Талдыбаева «Ұлттық тәрбие – асыл қазына», А.Асқаров атындағы Меркі көп салалы колледжінің оқытушысы Құралай Нұридинова «Жастарды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасап, бірнеше ойды қозғап өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы облыстық филиалының аға оқытушысы Эльмира Мырзалиева, №9 Меркі колледжінің оқытушысы Ырыс Ошақбаева да ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, білімгер Ерке Балтаева, Елизавета Зубкова жастардың атынан жалынды сөздерін арнап, ел дамуына үлес қоса беретіндерін жеткізді.
Мұнан соң бірқатар белсенділер аталған қоғамдық ұйым тарапынан марапатталды.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support