- Advertisement -

Ұлттық құндылықтар ұлықталды

96

- Advertisement -

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында бүгінде еліміздің әр өңірінде түрлі игі жобалар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Тұрғындарға рухани серпіліс беретін мұндай бастамалар біздің өңірде де ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Рухыңды ұлықта» облыстық акциясы. Облыс əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы мен Жастар саясаты мəселелері басқармасы бірлесіп өткізіп жатқан бұл шара облыс тұрғындарының санасын рухани жаңғырту, оларды туған жерін сүюге және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге шақыру, ұлттық рухани мұраны дәріптеу, сондай-ақ, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығы туралы мағлұмат беру, келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатына негізделген.
Аталмыш акцияның облысымыздың барлық аудандарында өтуі жоспарланған десек, бүгінде қатысушылар бірқатар аудандарда болып, жергілікті тұрғындармен кездесіп үлгерді.
Қордай ауданында жалауы желбіреген шара барысында аудандықтар жоғары белсенділік танытып, қонақтарды зор ықыласпен қарсы алды. Жиынды Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі Ахметжан Өзбеков ашып, жүргізіп отырды. Онда экскурсовод Айніл Əбуəлі, облыстық кино орталығы директорының міндетін атқарушы Сайлаубек Лесбаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейсекүл Исматова, жас ақын Арайлы Жақсылық, облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Абдуалиева өз ойымен бөлісіп, Отан, ел тақырыбында өлең оқып, ауыл тұрғындары мен жастарға Елбасы мақаласы мен қозғалған мəселелер, ұлттық құндылықтар жайында мол мағлұмат, терең түсініктеме берді. Аталмыш орталықтың жұмысы туралы баяндалып, Елбасы бағдарламалық мақаласының маңызы, «100 жаңа есім» жобасы, жастардың жат ағымдарға еріп кету мəселесі, ескілікті салт-дəстүрлеріміздің жаңғыруы хақында салиқалы әңгімелер айтылып, пайымды пікірлер ортаға салынды. Патриоттық сарындағы әндер шырқалып, көпшіліктің жігерін жаныды.
Ары қарай қатысушылар Шу, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарына бет түзеп, ондағы жұртшылықпен де осындай сипаттағы келелі жиындар өткізді.

Жанғазы ахмет,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support