- Advertisement -

Сақтансаң, құдай сақтайды

141

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында діни ахуалдың ушығуының алдын алу, оны тұрақтандыру, оқырмандарға еліміздегі діндердің қызметтерінің негізін ашып көрсете отырып, дүниетанымын кеңейту мақсатында қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №6 бөлімшесінде «Рухани жаңғыру – адами құндылықтар дамуының негіздері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған Тараз қаласындағы «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Сманов, №53 орта мектептің «Дінтану» пәнінің мұғалімі Бибінұр Адырбекова, қалалық Мәдениет үйіндегі жастар және жасөспірімдермен жұмыс бөлімінің әдіскері Дігәр Айтмұхамед қатысты.
Шара барысында қатысушылар Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы бесінші басымдылықты негізге ала отырып, діни экстремизммен күрес әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмыстарын белсенді жүргізу керектігін айтты. Қоғамда әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлдем төзбеушілік» қасиетін қалыптастыру керектігін де алға тартты.
Бұдан соң жиын қонақтары дін мен діни экстремизм ұғымдарын дұрыс ажырата білу керектігін және қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған ислам діні мен ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдар жөнінде ой қозғап, дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын алу арқылы қоғамның қауіпсіздігін сақтау, терроризмнің қаупін болдырмау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жан-жақты пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында оқырмандар тақырып аясында өздерін толғандырған сұрақтарына егжей-тегжейлі жауаптар алды. Баяндамашылар жастарды түрлі арандатушылық әрекеттерден аулақ болып, сақ жүруге, қырағылыққа шақырды. Іс-шара соңында қатысушы оқырмандар назарына «Діни сауаттылық – қоғам қауіпсіздігі» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалынды.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support