- Advertisement -

«JAMBYL» АТАУЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

90

- Advertisement -

Жамбылдық көрермендер көкейінде көп жылдар бойы «Жамбыл теледидары» атымен жатталып, кейіннен «Қазақстан-Тараз» аталған жергілікті телеарна «JAMBYL» атауын қайта иемденді. Жаңа ребрединг Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттердің аясында жүргізіліп жатқан жарқын істердің көрінісі болса керек.
Мұндай айтулы датаны айрықша атап өту және «Jambyl» телеарнасының жаңа телевизиялық маусымын таныстыру үшін арнайы салтанатты жиын өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан, студент жастар мен журналист әріптестердің басын қосқан жиында телеарна тарихы мен алдағы жоспарларынан ақпар беретін арнайы бейнебаян көрсетіліп, ән мен биден, жырдан шашу шашылды.
1989 жылдың 1 қарашасынан бастап көрермен назарына аптасына 2-3 рет қана ұсынылған Жамбыл облыстық телеарнасы бүгінде 17 сағат үздіксіз қызмет етеді. Саясат пен экономикадан бастап, ойын-сауықтық түрлі тақырыпты қаузайтын жалпы саны 43 арнайы бағдарламасы бар арна жаңа маусымда көрермен назарына жаңадан тағы 5 жоба ұсынбақшы.

Маржан Рақай,
«Ақ жол».

Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support