- Advertisement -

«АҚ ЖОЛҒА» ӘРҚАШАН АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІН

176

- Advertisement -

IMG_3186Жапар Сатылғанов,
танымал этнограф, құсбегі, «Жігер» фестивалінің лауреаты, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы.

Мен бірнеше жыл осы «Ақ жол» газетінің қоғамдық тілшісі болып, көп марапаттарға ие болғанмын. Оның бәрі де бүгінде тарих. Ал «Ақ жол» газетін облысымыздың тарихынан бөліп қарауға болмайды. Ол – аймақтың тарихы, шежіресі.
95 жыл ішінде әртүрлі атпен шығып келген бүгінгі «Ақ жол» газетін ата-бабамыздың көнеден жалғасқан көзі мен сөзі десе болады.
Байқаймын, көптеген басылымдар тақырып таңдауда осы газетке еліктейтін сияқты. Жалпы, бір ғасырлық тарихы бар «Ақ жол» газетінің өңірді жаңғыртуға қосатын үлесі мол.
Бөле-жарып айтар бір мәселе, кезінде табиғаттың сан қырлы қызық та қиын мәселелерін қозғайтын, жұртты қоршаған ортаны сүюге шақыратын, табиғат достарының «Жазира» атты оқырмандар беті газетте ай сайын жарияланып тұратын. Табиғаты тозған елдің озғаны жоқ. Сондықтан, қазір көптеген басылымдарда ұмыт қалған осы табиғат бетін ақжолдықтар қайта қолға алып, биік деңгейде көтерсе деймін. Оған редакция қаламгерлерінің әлеуеті, тәжірибесі молынан жетеді. Өйткені, бүгінде көпшілік қызыға оқитын арнайы беттер ай сайын өз деңгейінде шығып жатыр.
«Ақ жол» газеті жаңарып, әсем безендіріліп, көлемінің өзі көңілге қонымды болып шығарылуының өзі басылымға деген қалың оқырманның сүйіспеншілігін арттырып, қатарын көбейте беретіні даусыз.
«Ақ жол» – атына заты сай газет,
Келмей қалса жалтақтаймыз қайда деп?!
«Ақ жолға» жазыл, «Ақ жолға» жазыл, ағайын,
Онда тіл, діл, дін жайлы айтар ой көп.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support