- Advertisement -

Бейнеттің зейнеті ақталмай отыр

97

- Advertisement -

Зайыбым Аманкүл Аязбаеваның өмірден озғанына 2,5 жыл болды. Ол 1960 жылдан 1997 жылға дейін қызылша егістігінде аянбай еңбек еткен еді. Сөйтіп, 1992 жылы көп балалы ана ретінде зейнетке шыққан болатын. Даудың басы осы тұстан басталды. Оның себебі, Аманкүлдің зейнетақысы мөлшерінен кем болып шықты. Алайда, жұбайыммен бірге жұмыс істеген, еңбек өтілі де бірдей замандастары Аманкүлден айтарлықтай көп зейнетақы алады екен. Мұны кейін білдік. Әйелімнің қызылшада жұмыс істегенін жоғарыда айттым. Қызылша өсіруге ары кетсе 6-7 ай ғана уақыт кететіні мәлім. Осыны ескерсек, Аманкүл 1983-1987 жылдар аралығында 1134 күн жұмыс істеп, зейнетақы қорына 7766 сом салым салған. Яғни, бұл 35 айға жуық мерзім екен.
Заңға сәйкес, зейнетке шығатын уақытта соңғы 5 жылдағы салымның көлемі сол мерзімдегі ай санына бөлініп есептеледі. Сол зейнетақы туралы заңның 59-бабының 2-тармақшасында соңғы 5 жылдағы аударылым 60 айдан кем болса, тиісінше сол уақытқа бөлінетіні тағы айтылған. Ал облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті мамандарының айтуынша, әйелімнің 35 айда аударған салымын 60-қа бөлу керек екен. Жоғарыда айтылған заңға сәйкес, 35 ай 35-ке бөлінуі керек емес пе? Бірақ, тиісті мекемедегілер 60-қа бөлінеді деп айтудан жалықпай келеді. Мұны білгеннен кейін әділдік іздеп, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалған жоқ. Шындық іздеп шырылдаcақ та, ешкім бізге құлақ асар емес. Осы мәселе бойынша облыстағы талай мекеменің есігін қақтым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы аналардың артықшылығы туралы, оларды қолдау керектігін әрдайым айтып отырады. Ендеше, 10 баланы өмірге әкеліп, жастай бейнет көрген Аманкүлдің маңдай терімен тапқан еңбегінің зейнеті қашан және қалай ақталады?!

Тұрғынбек Құрамысов,
зейнеткер.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support