- Advertisement -

ХАТ ЖАЗЫП ТҰР…

164

- Advertisement -

«Ақ жолдың» аса қадірлі оқырмандары!
Міне, тағы да Сіздермен ойласып, пікірлесудің реті келіп тұр. «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» десек, сол газеттің ғұмырының ұзақ, өміршең болуына бірден-бір себепкер, ол әрине – оқырманы. Басылым мен бұқара арасындағы байланыстың мығым болуының маңызы аса зор.
Облыстың бас басылымы – «Ақ жолдың» өз оқырмандарымен тығыз қарым-қатынас орната білгендігі редакцияға үзіліссіз келіп жататын хаттар легінен де аңғаруға болады. Мысалы, өткен жылы 3000-нан аса хат тіркелсе, биылғы жылдың алты айына жуық мерзімде редакцияға 1200-дей хат жолданған екен. Әлбетте, бұл хаттардың арасында ресми және іс-шараларға шақырту, хабарландыру секілді хаттар жатқызылмайды. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөз бар. Ендеше, ел қамы, халық игілігі үшін бірлесе жұмыс жасауға асығыңыздар. Ол үшін сүйікті газеттеріңіз «Ақ жолға» жазылыңыздар, өз ойларыңызды жазып, хат жолдаңыздар.
Ал хат жазып, хабар жолдаған кезде міндетті түрде ескеретін жайларды да айта кетейік. Жолданған хатта автордың аты-жөні толық көрсетіліп, кері байланысатын мекен-жай мен телефон нөмірі болуы керек. Сондай-ақ, жекелеген адамдардың үстінен жазылатын еш дерек пен дәйегі жоқ «домалақ арыздар» да газет бетінде жарияланбайтынын ескерте кетейік. Ал халық арасындағы проблемалар мен мәселелер, ел саясаты мен экономикасына орай жазылған орамды ой, тұшымды пікірлеріңізді қуана қарсы алып, «аяқ-қолын жерге тигізбеуге» тырысамыз.
Ендеше, ерінбей хат жазып тұрыңыздар!

«Ақпарат және
хаттар» бөлімі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support