- Advertisement -

Бүлдіршін тәрбиемен өседі

87

- Advertisement -

Т.Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылында 700-ге жуық аула бар. Бұрын көкдөнендіктер елді мекенде балабақшаның болмауынан үлкен қиындықтарды бастан өткеріп келген еді. Бірқатар отбасылары балаларын Құланға апарып, алып келетін. Осыны ескерген «Абдулла» шаруа қожалығының жетекшісі Сайлаубек Ілиясов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Көкдөнендегі өзінің иелігіндегі мейрамхананы қайта жарақтандырып, 140 орындық балабақшаны пайдалануға берді. Бұл мақсатқа 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. «Аида» бөбекжайы үстіміздегі жылдың сәуір айында салтанатты түрде ашылды. Мұның өзі бүлдіршіндермен қатар ата-аналарға да үлкен қуаныш сыйлады. Қазір осында Көкдөненге іргелес орналасқан Жақсылық ауылынан да біраз балалар тәрбиеленуде.
Бөбекжайда 38 адам жұмыс істейді. Оның жиырмасы педагогикалық оқу орындарын бітірген. Үш маманның орта арнаулы, қалғандарының жоғары білімі бар. Бір жарымнан 6 жасқа дейінгі 140 бүлдіршін 6 топқа бөлініп, тәрбиеленуде. Мұнда олардың жан-жақты, білімді, саналы және тәрбиелі азамат болып өсуі үшін барлық жағдай жасалуда. Бөбекжай қажетті мамандармен қамтамасыз етілген. Пән мұғалімдері, психолог, әдіскерлер және музыка мен би мамандарының тәжірибесі мол. Балалар алты жасқа толғанда ағылшын және орыс тілдерінен біраз нәрсе үйреніп шығады.
– Ауылдағы бүлдіршіндердің барлығы бөбекжаймен толық қамтылды. Келешекте осында тәрбиеленуге ниет білдірушілер кезекке тіркелетін болады. Ата-аналар әр балаға айына 5 мың теңге төлейді. Мемлекеттен олардың әрқайсысына 24800 теңге бөлінген. Қазір бөбекжай ауласында ойын алаңдарын жасақтаудамыз. Таяуда бұл тірлік те толық аяқталады, – дейді «Аида» бөбекжайының меңгерушісі Гүлнұр Есмұрзаева.

Т.Рысқұлов ауданы.

Ақылжан Мамыт,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support