- Advertisement -

Абыз актер атындағы орталық

124

- Advertisement -

Асанәлі Әшімов туралы түрлі мағлұматтар береді

Жуырда өз өмірінің алпыс жылдан астам уақытын ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дүниежүзі көрермендерінің назарына ұсынып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың өнегесіне айналған өнер қайраткері, ұлағатты ұстаз, жерлесіміз Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойы Алматы қаласында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында аталып өтілді.  
Мерейтойға еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шетелдерден арнайы келген қонақтар сүйікті актерінің қуанышына ортақтасты. Біздің облысымыздың тарихи-өлкетану музейінің жанынан ашылған А.Әшімов шығармашылық орталығы да көшпелі көрмесін алып барып, көпшіліктің ықыласына кенелді. Облыс көлеміндегі көптеген игі шараларды ұйымдастырып жүрген орталық 2011 жылы ашылған болатын. Алғашқыда 64 экспонаты болған көрме, қазіргі таңда 517 жәдігері бар шығармашылық орталыққа айналды. Бұл мекеме тек актердің еңбегін, өнерін ғана насихаттап қоймай, көптеген іс-шаралардың өтуіне мұрындық болып отыр. Тараз қаласындағы ЖОО, колледждер, мектептермен тығыз байланыс орнатқан бұл орталық облыстың аудандарын аралап та көрме ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Жылына мыңдаған адам келетін орталықта абыз актердің шығармашылығындағы құнды бұйымдар, фотосуреттер, ол ойнаған спектакльдердің бейненұсқасы, жеке заттары да сақталған. Сондай-ақ, орталықта екі теледидар орналасқан. Бірі – «телетеатр» деп аталып актер ойнаған спектакльдерді, екіншісі – актердің кинодағы ойындарын үзбей, үздіксіз беріп отырады.
Шығармашылық орталық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтетін Асанәлі Әшімов атындағы халықаралық театр фестиваліне орай Астана қаласына шақыртылып отыр.
Хас актердің өмірі, шығармашылығы жайлы тереңірек мағлұмат алғысы келетін жандарға бұл орталықтың есігі әрқашанда айқара ашық.

Гүлназ Садуақасова,
Асанәлі Әшімов шығармашылық
орталығының экскурсия жетекшісі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support