- Advertisement -

Тамырға нәр беретін – тамшылатып суару

110

- Advertisement -

20170404_175457 Күн жылып, жер дегдісімен несібесін жерден теретін дихан қауымының бел жазбай еңбек етеді. Науқан басталғаннан-ақ ауа райының күрт бұзылып, нөсердің көп болуына қарамастан дала еңбеккерлері тұқым себуді сәтімен мысалы, «Smart Agro Karkara» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жаңақоғам, Ескі Шу және Далақайнар ауылдық округтері аумағындағы 363 гектар алқапқа егін егеді.

– Жалпы, серіктестіктің еліміздің бірқатар өңірлерінде жер телімдері бар. Ал ауданда 150 гектар жерге жаздық арпа егу жұмыстарын бастап кеттік. Одан бөлек, жоңышқа – 110, қант қызылшасы – 100 гектар алқапқа орналастырылатын болады. Бұл істе тамшылатып суару технологиясын қолданамыз. Ол үшін барлық керек техниканы сатып алып қойдық, – дейді серіктестіктің аудандық филиалының меңгерушісі Ілес Күздеубаев.
Өткен жылы ауданда 13210 гектар алқапқа жаздық арпа егілсе, биыл бұл көрсеткіш 14050 гектарға жеткізіліп отыр. Әр гектарға 160 килограмм арпа тұқымы себілуде. Тұқыммен шулық шаруалар түгелдей қамтылған. Осылайша, биылғы жылы дихандар жылдың орташа өнімділігін өткен жылдарға қарағанда едәуір арттыруға ниетті. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін оператор «Шу мұнай өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1350 тонна дизель отынын сатып алып, аудан шаруаларына литрін 120 теңгеден үлестіруде.
Сонымен қатар Шу дихандары су үнемдеу технологиясына көп көңіл бөліп отыр. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы тамшылатып суару технологиясы 880 гектар жерге қолданылса, биыл бұл көрсеткіш 180 гектарға дейін ұлғаяды. Жаңбырлатып суару технологиясын 3 серіктестік, тамшылатып суару технологиясын 11 шаруа қожалығы қолға алған.

Ерғали қартайған,
«Ақ жол».

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support