- Advertisement -

Жас ақынның жырлары «Адырына» журналында

146

- Advertisement -

Әдебиет әлеміне жолдама алғанына көп болмаса да, республикалық «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы оқырмандардың талғам-талабын тап басатын рухани дүниелерді жұртшылықтың назарына ұсынып келеді.
Ұлт зиялыларының, ақындар мен жазушылардың жаңа туындыларын басылым бетінде тұрақты жариялап келе жатқан «Адырна» журналының өзіндік болмысы, салған сара жолы бар. Есімі елімізге етене таныс ақын Мейірхан Ақдәулетұлы басқаратын жаңа журналдың сәуір айындағы санына газетіміздің мәдениет және спорт бөлімінің редакторы, талантты ақын Табиғат Абаилдаевтың да өлеңдер топтамасы жарияланыпты.
Бүгінгі таңда елімізде әдеби-көркем журналдар көп емес. Солардың қатарына жаңаша леппен, өзіндік стилімен, көркем дизайнымен қосылып отырған «Адырна» журналы – руханияттың қамқоршысы екені сөзсіз.
«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support