- Advertisement -

Сауд Арабиясының королі Назарбаевқа тосын сый жасады

82

- Advertisement -

Елімізде 7 мемлекеттің елшісі ауысты. Бүгін Арқа төсіне қоныс аударған дипломаттардан президент Нұрсұлтан Назарбаев сенім грамотасын қабылдады.

Салтанатты шара кезінде Сауд Арабиясының елшісі Назарбаевқа корольдің беріп жіберген сыйлығын тарту етті. Ол жібек матадан жасалған Қағбаның жамылғышы.

Бұдан бөлек, Елбасы ұлттық киімдерін киген Марокко, Оңтүстік-Африка, Біріккен Араб Әмірлігі, Малайзия, Грузия, Моңғолия елшілерінен сенім грамотасын алды. Енді дипломаттар мемлекеттер арасындағы байланысқа тың серпін беруі тиіс.

“Астанадағы қызметтеріңіз елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады деп үміттенемін. Қазақстандағы қызметтеріңіздің ресми басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елде өткізілетін күндеріңіз, өздеріңізге де, отбасыларыңызға да жайлы болсын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support