- Advertisement -

Шетелдік елшілер Елбасыға сенім грамоталарын тапсырды

89

- Advertisement -

Ақордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелдік 7 елші сенім горамоталарын тапсырды.

Бүгін Марокко Корольдігінің елшісі Абделжалил Собри, Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс, БАӘ-нің елшісі – Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Джабер, Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Захир бен Мутиш әл-Анези, Малайзияның елшісі Дато’ Cаид Мұхамад Бакри Бин Саид Абдул Рахман, Грузияның елшісі Зураб Абашидзе, Монғолия елшісі Лувсан Баттулга Елбасыға сенім грамоталарын тапсырды.

Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдай отырып, олардың жұмысына сәттілік тіледі.

«Сіздер Қазақстандағы қызметтеріңізді мемлекетіміз үшін өте маңызды кезеңде бастағалы отырсыздар. Мен қаңтар айында Халыққа арнаған жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруын қамтамасыз ету міндетін белгілеген болатынмын. Біз күш-жігерімізді елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономкалық өсімнің жаңа моделін құруға бағыттаймыз. 10 наурызда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойылып, еліміз үшін тағы бір маңызды оқиға болды. Соңғы түзетулерге сәйкес президенттің бірқатар өкілеттіліктері биліктің басқа тармақтарына беріледі. Қазақстандағы дипломатиялық қызметтеріңіздің ресми басталуымен сіздерді шын жүрегіммен құттықтаймын», — деді ол.

Сонымен қатар Елбасы шетелдік елшілерді елордада өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырды.

«Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен «ЭКСПО» халықаралық көрмесі өтеді. Оның ашылуы 10 маусымда болады. Оған әлемнің 100-ден астам елі қатысады деп жоспарланып отыр. Елбасшыларыңызға арнайы шақырту жіберілді», — деді президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы халықаралық көрме аяқталған соң, оның орнында Астана халықаралық қаржы ұйымы өз жұмысын бастайтындығын ерекше атап өтті. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев елшілерге еліміздің қолайлы инвестициялық өңір екендігін тілге тиек етті.

«Көрме жұмысы аяқталған соң «ЭКСПО» көрмесінің базасында Астана халықаралық қаржы орталығы ресми түрде жұмысын бастайтын болады. Онда IT cтартаптардың халықаралық технопаркін құру көзделген. Сондай-ақ, энергетикалық, қоршаған ортаға, технологияға маманданған кластерлерден тұратын ғылыми-техникалық парк жұмыс істейтін болады. Біз сауданы ұлғайтып, өндірісті дамыту үшін инвестиция тартуға мүдделіміз. Инвесторлар үшін түрлі Қазақстан заңдары бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Біздің ел 2015 жылдан бері ДСҰ-ның құрамына кірді. Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігінің көрсеткіші бойынша әлемнің 190 елінің ішінде 35-ші орын алып отыр», — деді ҚР Президенті.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support