- Advertisement -

Василий Ломаченко – Джейсон Соса

111

- Advertisement -

Украиналық боксшы 8 сәуір күні кезекті кездесуін өткізеді

8 сәуір күні бокссүйер қауым үшін керемет жекпе-жек өтеді деп күтілуде. Бұл кездесуде украиндық әуесқой бокста екі дүркін Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы атанған, бүгінде кәсіпқой бокста сәтті өнер көрсетіп жүрген екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченко WBA нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джейсон Сосамен жұдырық түйістіреді.
АҚШ-тың Оксон Хилл (Мэриленд) қаласында жаңадан ашылған MGM National Harbor аренасында өтетін кездесуде екі боксшының белбеулері тігілмек.
«Біз Ломаченконың ұсынысын қуанышпен қарсы алдық. Біз өте қуаныштымыз. Онымен болатын жекпе-жекке дайынбыз. Біз бұрыннан осы кездесуді сұрап жүрміз, тек бағасы дұрыс болса дедік. Әлемнің ең мықты боксшысына қарсы жекпе-жекті асыға күтіп отырмыз, өзіміздің неге дайын екенімізді көрсетеміз», – деген америкалық боксшы өз сұхбаттарында.
Еске салайық, Соса өткен жылы титулды кездесудің жеңімпазы атанған болатын. Ол кезде оның қарсыласы доминикандық Хамьер Фортуну болды. Қарашада америкалық боксшы ұлыбританиялық боксшы Стивен Смитпен кездесіп, өз титулын қорғап қалған. Ал Ломаченко өткен жылы шаршы алаңға екі рет шықты. Ол Роман Мартинес пен Николас Уолтерспен жұдырықтасып, айқын жеңіске жеткен.
Қос мықтының қайсысы басым екені аталмыш жекпе-жекте шешілетін болады. Кездесуді 9 сәуір күні Астана уақыты бойынша 8.00-де «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support