- Advertisement -

Депутат Мұхамедиұлына: Шұғыл түрде Жошы хан мавзолейіне назар аударыңыз

137

- Advertisement -

Ұлытаудағы Жошы хан мавзолейі жанына жергілікті тұрғындарды жерлейді. Сенатор Сергей Ершов бүгін осылай деп мәлімдеді.

Ершов бұл сөзін парламентке депутаттармен кездесу үшін келген мәдениет министріне қарата айтты. Министр мен халық қалаулылары “ҚР мәдениетке қатысты заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар” туралы заң жобасын талқыға салған болатын.

“Онда ерекше ескерткіштер бар. Мысалы, Жошы хан кесенесі. 1995 жылға дейін ол жерде ондай ескерткіш бар екенін де білмеппін. Мен тарихшы емеспін, бірақ Шыңғысханнан ештеңе қалмағанын естігенмін, не моласы, не туысы, не жақыны…ештеңе жоқ. Демек, бірінші ұлының мавзолейі бұл ерекше нысан. Біз өз уақытында оның қайта өңделуіне ақша бердік, ол жерде қалашық бар еді. Ал қазір ол жерде не бар екенін білесіз бе? Ол жерде заманға сай зираттар салынып жатыр. Молалар кесенені айнала орналастырылған. Жақында сол жерге достарымды алып бардым, олар Жошы хан кесенесінің осындай күйге ұшырағанына таңырқай қарады. Менен сұрайды: “Сергей, а бұл кім? Бұл оның туыстары, достары ма?”. Жоқ, достары емес. Ол адам 800 жыл бұрын жерленген. “Ал бұл кім болды сонда?”. Мен айттым: “Сірә, тұрғындар шығар”. “Неге, бұл молаларды үш жүз метр әріректен салмады екен, дала кең ғой дейді. Ал ескерткіш сөз жоқ қайталанбас дүние”, – деді Ершов.

Сенатор бұл туралы министрлікке хат та жазып қойғанын, бірақ түсінікті жауап алмағанын айтты. Осылайша депутат министрдің аталмыш кесенеге назар аударуын сұрады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support