- Advertisement -

Сапалы қызметке сүйеніп, уақытыңды үнемдегің келсе…

69

- Advertisement -

«Жануарлар дүниесі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 30 сәуіріндегі №18-03/390 бұйрығымен көрсетілетін мемлекеттік 11 қызмет стандарты бекітілген болатын. Соның ішінде 2-еуі, яғни көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты бойынша іс-шараларды жүзеге асыру облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі «Жануарлар дүниесі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы №166 қаулысымен «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерді бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдау» және «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенттері бекітілді. Бұл регламенттердің талаптарын іске асыру облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүктелді.
Негізінен, «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентінің талабы бойынша азаматтарға өздерінің таңдаулары бойынша өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жолымен жүзеге асырылады. Егер көрсетілетін қызметті алушы басқарманың кеңсесіне жүгінсе, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады. Сонымен қатар ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады. Егер электрондық үкімет порталына жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіліп, сол жерде сақталады.
Былтыр басқарма тарапынан жалпы, 3994 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 795-і – «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру». Көрсетілген қызметтің 48-і «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды. 115 заңды тұлға мен 266 жеке тұлға жануарлар дүниесін пайдалануға қол жеткізді. Осы қызмет арқылы мемлекет қазынасына 26 миллион 864 мың теңге қаражат құйылды.
Осы жылдың 3 айында жануарлар дүниесін пайдаланушыларға 25 рұқсат берілген болатын. Сондай-ақ, оларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын немесе учаскелерін бекітіп беру мақсатында 2 қаулы қабылданды. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қағаз жүзінде іске асырылғандықтан, қызмет басқарма кеңсесі арқылы көрсетілді.
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша биыл 3 тұлғаға көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі бойынша 2 балық шаруашылығы су айдыны 2 шаруа қожалығына 49 жылға балық шаруашылығын жүргізу үшін берілді. 1 аңшылық алқапты 1 жеке кәсіпкер 10 жыл бойы аң шаруашылығымен айналысу үшін алып отыр.
Жалпы, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша басқарманың бөлім қызметкерлерінің атына 1 рет шағым түсті. Шағым сотта қаралып, оның негізсіз екені дәлелденді. Дегенмен, осындай мәселелер мемлекеттік қызмет алушылардың көп жағдайда электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерін пайдаланбауынан туындап жататынын айта кету керек. Оған жануарлар дүниесін пайдаланушылардың көбінің техникалық мүмкіншіліктерінің жоқтығы, олардың жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатты бұрынғы үйреніп қалған жолмен алуды ыңғайлы санайтыны түрткі болып отыр. Әйтсе де, басқарманың бөлім қызметкерлері қызмет алушыларға электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерін пайдаланудың тиімділігін ұдайы түсіндіріп, жаппай осы тәсілге көшу қажеттігін ұсынумен келеді. Сондықтан да, жануарлар дүниесін пайдаланушылар www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталын пайдаланғаны дұрыс. Себебі бұл уақыт үнемдеу мен сапалы қызмет алуға кепіл бола алады.

Руслан БАЛТАЕВ,
облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар дүниесін қорғау және балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support