- Advertisement -

Могул мүмкіндігімізді ашты

79

- Advertisement -

Дмитрий Рейхерд Универсиаданың 2 дүркін чемпионы

Фристайл могул спорты шеберлеріне Алматы төрі олжалы болып тұр. Юлия Галышевадан кейінгі кезек Дмитрий Рейхердке тиді. 2011 жылы қысқы Азиадада да Дима алтыннан алқа тағынған болатын. Рейхердке жетпей тұрған қысқы Универсиада алтыны да осы аламанда бұйырды.
Испанияның Гранада қаласында өткен бүкіләлемдік қысқы Универсиадада күміспен күптелген Дмитрий Рейхард арманына қол жеткізіп, ақыры дода чемпионы атанды. Келесі жарыс күні Дима тағы да алтыннан алқа тағынып, өзінің екінші, елінің сегізінші алтынына иелік етті. Ақтық кезеңде 79,94 ұпай жинаған қазақстандық фристайлшы доданың күміс жүлдегері ресейлік Сергей Шимбуевтен сәл ғана басым түсті. Бұл жарыста қазақстандық тағы бір могул шебері Павел Колмаков 76,95 ұпайлық нәтижемен үздік үштіктен көрініп, қола жүлдеге қол жеткізді.
«Бұл мен бақ сынаған соңғы қысқы Универсиада деп нық сеніммен айта аламын. Сол себепті қалайда жеңіске жетіп, алтын жүлдемен елімді қуантқым келді. 27-ші қысқы Универсиадада күміс жүлде иеленген болатынмын. Толассыз еңбектің арқасында армандаған алтыныма қол жеткіздім. Бұл табыс мен үшін өте бағалы. Осы жеңіске қол жеткізу жолында маған қолұшын созған азаматтардың барлығына да шексіз алғысымды білдіремін», – деді Дима жарыстан кейінгі берген алғашқы сұхбатында.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support