- Advertisement -

Универсиада: Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға көтерілді

68

- Advertisement -

Алматыдағы Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиада ойындарының төртінші жарыс күні қуанышты жаңалықпен басталды. Биатлоншы қызымыз Галина Вишневская алтын жүлдеге ие болды.

Ал могулдан Юлия Галышева іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтап, финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінде Галышева 67,06 ұпай жинады. Екінші және үшінші орындарға ресейлік Елизавета Безгодова (62.42) мен Анастасия Первушина (56.49) тұрақтады.

Сондай-ақ финалға украиналық Татьяна Петрова (47.45), австриялық Катарина Рамзауэр (46.40), фин қызы Анниина Лахти (46.17), неміс Анна Редекер (41.39) және тағы бір Австрия елінің өкілі Джина Пфайфер (33.24) өтті.

Финал Астана уақытымен 13:00-де басталады.

Галинаның алтынының арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте Жапонияны басып озды. Қазіргі кезде ел құрамасында 9 медаль бар. Оның үшеуі алтын, екеуі күміс, төртеуі қола.

Ал көшбасында Ресей құрамасы орналасқан. Солтүстік көршіміз 22 медаль алып үлгерді. Үздік үштікті Жапония түйіндеп тұр. Күншығс елінің спортшыларында 8 медаль бар (2-5-1).

ақпарат көзі: Baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support