- Advertisement -

Қауіпсіздікті сақтау үшін

98

- Advertisement -

қаруды қолдануда қатаң талап қою керек

Ағымдағы жылдың 7 қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенін көпшілік біле бермеуі мүмкін. Қазір қару қолдануда талап қатайды. Яғни, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) азаматтық және қызметтік қару және оның патрондары айналымын бақылау мәселелері бойынша бірқатар өзгерістер бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте:
– азаматтық және қызметтік қарудың иелеріне әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары – осы кодекстің 436, 484, 485 және 486-баптарының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған кезде қаруды қауіпсіз пайдалану қағидаларын білуін қайта тексеруге жіберу енгізілді (жаңа 53-1-бап);
– елдi мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда атыс қаруынан, өзге де қарудан оқ атқаны және пиротехникалық бұйымдарды қолданғаны (436-бап), азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын иеленгені, сақтағаны, пайдаланғаны немесе тасымалдағаны (484-бап), оны тіркеу не есепке қою тәртібін бұзғаны (486-бап), сондай-ақ қаруды құқыққа сыйымсыз қолданғаны үшін (485-бап) айыппұл санкциялары ұлғайтылды;
– атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді (485-1-бап);
– одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымға тыйым салынған тәркіленген қаруды жоюды (436-бап);
Кәсіпкерлік кодексте:
– тексеруді жүргізу қажеттілігі қоғамдық тәртіпке, ұлттық мүдделерге төнген қатерді дереу жоюды талап ететін, қалыптасқан ахуалға, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу қажеттілігіне қарай және кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізуге байланысты туындаған жағдайда азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтай және пайдалана отырып, объектілерге тексеруді жүзеге асыруын (140-баптың 3-тармағында мынадай мазмұндағы «12-1») Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына» деген жаңа тармақша енгізілді (бұрын болмаған)).
Бұрын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес қарудың заңды айналымы саласында айналысатын заңды тұлғаларды тексеру тек жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде және «бақылаудың өзге нысаны» шеңберінде (бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау құқығынсыз) жүргізілген;
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңда:
– мыналарға:
Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қаруды басқа адамға беруге (Заңның 7-бабы 2-тармағының 6-1) тармақшасы);
6-2) азаматтардың калибрі «.338 LapuaMag» (8,6*70мм) асатын ойық ұзын ұңғылы атыс қаруын иеленуіне (Заңның 7-бабы 2-тармағының 6-2) тармақшасы);
Азаматтарға 4 бірліктен аса қаруды сатып алуға (ойық ұңғылы – екі бірлік; тегіс ұңғылы – екі бірлік) (Заңның 15-бабы 1-тармағы);
тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда), ойын-сауық мекемелерінің, өзге де тауар түрлерімен сауда жасау жүзеге асырылатын сауда объектілерінің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарының, спорт объектілерінің, қонақ үйлердің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, вокзалдардың, стансалардың, метрополитен желілерінің, порттардың, әуежайлардың, әуеайлақтардың аумақтарында қару мен оның патрондарын сақтауға және олармен сауда жасауға арналған үй-жайды орналастыруға (Заңның 22-бабы 4-тармағының 2) тармақшасы);
қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде сауда залына қоюға, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қаруды оқ атуға мүмкіндік беретін күйінде экспонаттауға (Заңның 22-бабы 4-тармағы 3) тармақшасы, 27-бабы 3-тармағы);
– ішкі істер органдарына қаруды сақтау жағдайлары мен техникалық беріктігінің талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде, қару мен патрондарды анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін алып қоюға, қару мен патрондардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан күтпеген жерден, оның ішінде жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) тексерулер жүргізуге құқық беруге (Заңның 30-бабы);
– күзет іс-шараларын жүргізу үшін қажет болатын мерзімге Мемлекеттік күзет қызметінің талап етуі бойынша азаматтық және қызметтік қарумен және оның патрондарымен сауда жасауды тоқтата тұруға (Заңның 22-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы);
– ішкі істер органдары лауазымды адамдарының міндетіне азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – тоқсанына кемінде бір рет, азаматтық қару иелеріне жылына кемінде бір рет тексерулерді жүзеге асыруды енгізуге (Заңның 30-бабы) тыйым салуларды белгілеуді көздейтін бірқатар түзетулер енгізу көзделген.

Облыстық ішкі істер
департаментінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support