- Advertisement -

Қырғыз режиссері Назарбаев туралы фильм түсірді

108

- Advertisement -

Қырғыз режисері Омурзак Толобеков «Әлемдік Назарбаев» атты деректі фильм түсірді. Ол бұл туралы баспасөз мәслихатында айтты.

Фильм орыс және қызғыз тіліндерінде әзірленген. Автордың айтуынша, Назарбаев жас кезінде көптеген жыл Қырғызстанда болған, фильмде осы кезең қамтылған.

«Біз Назарбаевпен таныс, дос адамдарды таптық. Олар қызықты сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда өскен, ол біздің тілімізді, халқымызды, салт-дәстүрімізді біледі. Қазір Қазақстанда 300 қырғызтандық мигрант бар, біз сол үшін оған алғыс айтамыз», – дейді Омурзак Толобеков.

Фильмді шығарушылардың айтуынша, жастық шаған еске түсіретін фильмді Қазақстан Президенті көрген. Продюсерлер жобаны өз қаражаттарына түсіргенін, фильм бюджеті 20 мың долларды құрағанын да атап өтті.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support