- Advertisement -

«Телепатиялық байланыс ғылымда дәлелденген»

397

- Advertisement -

Жанаркүл қажы Шайділдинаның осыдан төрт жылдай бұрын Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертоненің жұбайы Сюзаннаны дертінен емдеп жазғанын естігенімде, еуропалықтар да емшінің көмегіне жүгінеді екен-ау деп ойланып қалдық. Бұл туралы Астанада тұратын әпкем Мағрипадан естіген едім. Ол әлгі емші-көріпкел жайында әңгіме қозғады. Кезінде Алматы, Астана қалаларында белді қызметтер атқарып, бүгінде кәсіпкерлікке ден қойған әпкем бұл шипагердің көмегіне еліміздегі атақты спортшылар мен өнер адамдары жүгініп тұратынын айтты. Бұл тақырыпты тереңірек білмесем де қызығушылығым артып, ол кісі жайлы нақтылап сұрай бастадым.

Адам дертіне дауа таба алмай қиналғанда ақырғы үмітін тәуіпке артып, емшілерді жағалайтыны бар. Медицина емдеп жаза алмаған науқастар тәуіптің алдына барып, дертінен құлан-таза айығып кетіпті дегенді естіп жататынбыз. Кейбіреулер тағдырын болжатып, енді бірі көріпкелдердің көмегіне жүгініп, іздеген жоғын тауып жатады. Бұның сыры неде? Емшілік те ерекше қасиет пе? Осыны білмек болып, бір күні емшінің өзіне хабарластым. Мән-жайды түсіндіріп, сырымен бөлісуді өтіндім.
Жанаркүл Шайділдина ашық-жарқын жан екен. Содан болар, ол кісімен өзіме бейтаныс тақырыпта әңгіме өрбіту аса қиын болған жоқ. Жанаркүл Қордай ауданының Шарбақты ауылында туып-өскен. Бала кезінен дәрігер болуды армандаған көрінеді. Алматы қаласының медициналық колледжінде білім алған ол осы шаһардағы №2 емханада медбике болып жұмыс істепті. Медициналық білімін жетілдіре жүріп, халықтық емдеу тәсілдерін меңгере бастайды. Анталия, Мәскеу, Дубай секілді бірқатар елдерге арнайы барып, науқастарға шипасын тигізген кездері де болыпты. 7 жыл Астанада тұрыпты. Қазір негізінен Алматы қаласында көбірек болатын көрінеді.
ҚР халық және рухани емшілер қауымдастығының мүшесі, еңбек ардагері, М.Настродамус атындағы халықаралық проскопиялық ғылыми академияның академигі атанған Жанар қажы анасы Түйметайды Меккеге апарып, ана алдындағы парызын өтегенін айтады. Бір кездері дертіне дауа тапқан елге белгілі бір кісі оған Астана қаласынан арнайы үй салдырып беріпті. Шет мемлекеттерден бөлек, Петропавл, Қарағанды, Ақтау секілді еліміздің бірқатар ірі қалалары мен облысымыздың Сарысу, Талас, Жамбыл аудандарының орталығында болып, науқастар қабылдаған екен.
– Құран аяттары арқылы адамға дем салу ертеден бар әдіс. Бұрын қожалар мен молдалар дем салатын. Адамға көз, жел тию секілді сырқаттардың беті осы Құран сүрелерін оқу арқылы қайтарылады. Негізінен, бізде емшіге қаралуды қараңғылық деп санайтындар да бар. Бірақ, медицинасы дамыған Франция, Ресей секілді елдерде халықтық емнен дауа іздейтіндер де табылады екен. Француз елшісінің әйелі мен туралы шетелде жүрген қазақтың бір суретші қызынан естіпті. Олар Қазақстанға келгеннен кейін, мені тауып, емделді. Нәтижесі жаман болмады. Кейіннен олар өз ризашылықтарын білдіріп, Францияда демалып қайтуыма мүмкіндік жасады. Сюзанна орыс тіліне жетік. Әлі де хабарласып тұрады. Басқа да алыс-жақынды шетелдерде ем жүргіздім. Дубайға барарымда да мен «Жергілікті тұрғындар ислам дініне берік. Олардың емшіге деген көзқарастары қалай болар екен?» деген ойдан қатты қобалжыдым. Бірақ, олар ем-домды Құран аяттары арқылы жүргізетінімді біліп, түсіністікпен қарады.
Ғылымда емші, тамыршы, көріпкелдік, түс жору секілді белгілі бір қабілетке ие адамдардың көбіне телепатиялық байланыста болатыны дәлелденген. Негізі, көрегенділік, көріпкелдік, емшілік қабілетке ие болғандарды ерекше қасиет қонған адамдар деп ойлаймын. 32 жасымда таңертең ұйқыдан Құран сөздерін айтып ояндым. Кейіннен білгенім ол «Ықылас» сүресі екен. Мұндай қасиет әкемде бар еді. Бірақ, ол кісі адам емдеген емес. Негізінен, әр емшінің емдеу тәсілі әрқалай, – дейді ол.
Емші дәрі-дәрмек ретінде тек шариғатта рұқсат етілген қаразира майын (чёрный тминь) пайдаланады екен. Жанар Шайдилдина осыдан бірнеше жыл бұрын өзіне денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде қызмет еткен Сәнім Жаниева атты келіншек пен былғары қолғап шебері, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қайырылып, кейін көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіргенін айтады.
maxresdefaultБұл кісіге кейде отбасылық жағдайы тым төмен адамдар да келеді екен. «Емімді жүргізіп, ақыл-кеңесімді беруден бас тартқан емеспін. Бірақ, олардың маған беру үшін әкелген емқонарын алмаймын. Себебі, оның жағдайының қандай екенін алдын ала біліп отырамын. Ең бастысы – қиналғандарға қол ұшын созу, – дейді Жанаркүл Мұраталықызы.

Нұрым Сырғабаев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support