- Advertisement -

«Приманың» перизаттары

109

- Advertisement -

«Прима» би мектебінің ашылғанына көп уақыт өте қоймаса да, хореографтар Диана Жақиянова мен Нұргүл Эдокованың жетекшілігімен жас бишілер бірқатар биікті бағындырып үлгерді. Облыстық деңгейдегі бірнеше байқауда топ жарған би тобы Астана қаласында өткен халықаралық IV «Феерия» би фестиваліне қатысуға бел шешеді.
«Еуразия жұлдызы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізілетін бұл байқау әлемнің ең таңдаулы театрларының сахнасында ғана ұйымдастырылаты­нымен ерекшеленсе керек.
Әлемнің әр елінен мыңдаған жас таланттардың басын қосқан осы байдауда «Прима» бишілері бірінші орынды иеленіп, облыс мерейін асырып қайтты.
«LUCKY PEOPLE» халықаралық өнер және спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шара жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен қатар, жас таланттардың өнерін шыңдап, оларға шабыт берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support