- Advertisement -

Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің отырысын өткізді

101

- Advertisement -

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында банк жүйесі және экономиканың маңызды секторларының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірудің өзекті мәселелері талқыланды.

Сарапшылар алдын ала ағымдағы жағдайға талдау жасап, аталған бағыттар бойынша бірқатар ұсыныстар берген. Премьер-министр тиісті мемлекеттік органдарға сарапшылармен бірлесіп алға қойылған мәселелерді тереңінен зерттеп, келесі отырыста соған байланысты өз ұсыныстарын беру туралы тапсырма берді.

Еске сала кетейік, Экономика жөніндегі сарапшылық кеңесі ҚР Премьер-министрінің өкімімен құрылған және оның алғашқы отырысы 2016 жылғы 9 желтоқсанда өткізілді.

ақпарат көзі: egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support