- Advertisement -

Семейлік оқушы ғимаратты салқындатуға арналған құрылғы ойлап тапты

88

- Advertisement -

Руслан Байбасаровтың бұл жобаны қолға алғанына екі жыл болған. Құрылғының арнайы термометрі мен таймері бар. Ол арқылы ауасы ысып кеткен бөлменің терезесі автоматты түрде ашылады. Бүгінде оқушы білім алып жатқан мектепте жаңа құрылғы сынақтан өтіп жатыр. Жобаны құрастыруға небәрі 15 мың теңге кеткен. Жас өнертапқыштың ендігі арманы – EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысу. Руслан Байбасаров, оқушы: — Біздің мектептің кабинеттері өте ыстық. Сондықтан мен біреудің көмегіне жүгінбей-ақ, автоматты түрде салқындату әдісін ойлап таптым. Владислав Щербак, жоба жетекшісі: — Бұл құрылғы EХРО талабына сай келеді. Мұнда энергияны үнемдеу де, денсаулыққа пайда беру жағы да қарастырылған. Сондықтан көрмеге қатысуға өте лайық жоба деп ойлаймын.

ақпарат көзі: 24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support