- Advertisement -

Қаңтарда 4 отандасымыз кәсіби рингте кездесу өткізеді

80

- Advertisement -

Жаңа жылдың алғашқы айында 4 қазақстандық кәсіби рингке оралады.

Қазақстандық кәсіби боксшылар арасында жылдың алғашқы кездесуін Бақтияр Эюбов( 11-0-0, 10КО) бастайды. boxrec.com сайтының жарыстар кестесіне сүйенсек, жартылай орта салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз Бақтияр Эюбов 7 қаңтарда және 22 қаңтарда екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Ол ертең АҚШ-тың  Дирборн қаласында аргентиналық Эльвин Переспен ( 28-16-4, 19KO) жұдырықтасады, ал 22 қаңтардағы қарсыласы әзірге белгісіз. 2016 жылдың қараша айында орта салмақта кәсіби мансабын бастаған  Бобиржан Моминов ( 1-0-0, 1КО) 14 қаңтар АҚШ-тың  Мейкон қаласында АҚШ боксшысы Стивен Басспен (1-4-0) 4 раундтық кездесу өткізеді. Канадада өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміз бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев ( 7-0-0, 6КО) пен жеңіл салмақтағы  Абылайхан Құсайынов (4-0-0, 3КО) 28 қаңтарда Канаданың Монреаль қаласында жекпе-жек өткізеді, қарсыластары әзірге белгісіз. Айта кетерлігі, 2017 жылы қазақстандық кәсіпқой бокстың серкелері, орта салмақтағы WBA, IBF, IBO және WBC чемпионы Геннадий Головкин (36-0-0, 33КО) 18 наурызда Нью-Йоркте WBA тұрақты чемпионы Дэниел Джейкобспен (32-1, 29 КО), сондай-ақ аса жоғары салмақтағы WBA тұрақты әлем чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) 11 ақпан күні Майамиде WBA нұсқасының уақытша чемпионы, кубалық боксшы Юниер Дортикоспен (21-0, 20 КО), WBA-ның уақытша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (26-1,18 КО) 10 ақпанда АҚШ-та WBA (Super) және IBO титулы үшін кубалық Раусхи Уорренпен (14-1-0,4КО) жұдырықтасатын болады.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support