- Advertisement -

Razer үш мониторлы ноутбук шығарды

125

- Advertisement -

Геймерлік құралдар шығаруға маманданған америкалық Razer компаниясы CES 2017 халықаралық электроника көрмесінде үш мониторы бар Project Valerie ноутбугін таныстырды.

Әзірге жаңа ноутбуктің 4К-экрандары 11520×2160 пиксельден тұратыны белгілі. Басылымның айтуынша, компания компьютердің техникалық сипаттамалары туралы толық ақпарат бермеген. Бір белгілісі, ноутбукке NVIDIA GeForce GTX 1080 видеокартасы орналастырылған.

Бір айта кетерлігі, CES 2017 көрмесі — электроника құралдарының жаңа үлгілерін таныстыруға арналған алаң. Ол АҚШ-та 5 қаңтар күні басталды. Оған әлемнің ең танымал электроника алпауыттары қатысуда.

ақпарат көзі: egemen.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support