- Advertisement -

Таразда жаңа жылдық безендіру мен алып шырша үшін қазына қаржысы жұмсалған жоқ

177

- Advertisement -

Биыл Тараз қаласында жаңажылдық безендіру мен алып шырша үшін қазына қаржысы жұмсалған жоқ. Тіпті ойыншықтар сатып алуға да бір тиын қарышталмады. Бірақ бұл мерекені кең көлемде атап өтуге еш әсер етпейді дейді билік өкілдері. Жаңажылдық жасыл желек қаланың 10 жеріне орнатылған. Орталық алаңға қойылған шыршаның биіктігі – 21, ал диаметрі –8 метрге жуық. Кезінде үш миллион теңгеге сатып алынған екен. Айта кеткен жөн, кейбір безендіруге қажетті заттар, кәсіпкерлердің демеушілігімен алынған. Гүлбахрам Дүйсекова, Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы: — Бүгінгі күнге қаланы жаңажылдық безендіру жұмыстары толығымен аяқталды. Орталық көшелері, шағын және орта бизнес нысандары Жаңа жылға безендірілді. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен тиын да бөлінген жоқ. Мұның бәрі Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражаттан кішкене ойыншықтар жаңартылды.

 

ақпарат көзі: 24.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support