- Advertisement -

Берік Шолпанқұлов Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

97

- Advertisement -

Берік Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Берік Шолпанкұлов ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі қомитетінің төрағасы қызметінен босатылды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы 14 желтоқсандағы №870 қаулысына сәйкес, Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.  Б.Ш. Шолпанқұлов 1976 жылы туған, қазақ, білімі жоғары.  1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметін талдау» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетін «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығымен  бітірген. Еңбек жолын 1996 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық комитетінде Кассалық қаражат және мемлекеттік борыш басқармасының Қолма-қол ақшаны басқару бөлімінің қазынашысы лауазымынан бастады. Осы комитеттің бас қазынашысы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2001 жылғы қазаннан бастап 2004 жылғы шілде арасында — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қолма-қол ақшаны басқару және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасының бастығы. 2004 жылғы шілдеден бастап 2008 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2014 жылғы маусым аралығында — Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2014 жылғы шілдеден бастап — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары. Үйленген, екі ұлы және бір қызы бар. Марапаттары: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамоталары, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі, «За вклад в создание Евразийского экономического союза» «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы үлесі үшін» II дәрежелі медалі.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support