- Advertisement -

Еңбектері еленді

85

- Advertisement -

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
– Тәуелсіздікке қол жеткен ширек ғасырлық мерекемізді тойлап, жоғары деңгейде атап өттік. Елдігімізді айғақтар бұл мереке тарихымыздың жарқын беттерінің бірі болып қала бермек. Осы жылдары еліміз, өңіріміз айтарлықтай асулардан асып, табыстарға жетті. Гүлденген елімізбен бірге, облысымыз да сәт санап дамып, өркендеп келеді. Осы жолда сіздердің де еңбектеріңіз, үлестеріңіз бар, – деді Бағлан Жиенәліұлы салтанатты сәт үстінде.
Жиында отандық заңнама жүйесін жетілдіруге бағытталған белсенді қызметі үшін және ҚР Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Кәсіптік одағының облыстық ұйымының төрайымы Гүлсін Орынбаева марапатталды. Сондай-ақ, аталмыш мерекелік медаль облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мырзақасым Байбеков, облыстық мәслихаттың депутаттары Масат Берік, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымоваға тапсырылды.
Марапат иелері еңбектерінің еленгеніне мерейленіп, тәуелсіздік туралы тағылымды ойларымен бөлісіп, алдағы уақытта да өңіріміздің дамуына аянбай тер төге беретіндіктерін жеткізді.

Жанғазы Ахмет,
«Ақ жол».

Суретті түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support