- Advertisement -

Өркендеген еліммен мақтанамын

136

- Advertisement -

Мемлекетіміздің ең қастерлі құндылығы, баға жетпес байлығы – Тәуелсіздік. Әрине, мұндай бақыт басымызға бірден орнай қалған жоқ. Бұл батырлардың қанымен, бабалардың арманымен, азаматтардың қайсарлығымен келген құндылық. Сондықтан, мұндай байлығымызды бағалап, Елбасының әр қадамын, әр бастамасын қолдауға тиіспіз.
Еліміз егемендігін алған ширек ғасыр ішінде халқымыздың қол жеткен табысы ұшан-теңіз. Ғасырда жүзеге асатын істі қазақ елі 25 жылдың ішінде орындай білді. Мұндай жетістікке неге қуанбассың? Өзім еңбек ететін білім саласының да жетістіктері жетерлік.
Қоғамдағы мамандықтың ең қастерлісі – ұстаздық. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы саналатын оқушыларға сапалы білім беруден артық бақыт жоқ шығар, сірә! Мұғалім деген қастерлі мамандықты игере жүріп, дұрыс таңдау жасағаныма қуанамын. Бастауыш пәнінің мұғалімімін. Әр шәкірттің көңілді, қуанышты сәтін көрген, оларға шаттық сыйлаған сайын мерейім өседі. Олар өте талапты, ынталы, жігерлі балалар. Мен біздің елдің жасөспірімдері де өте талантты, зейінді екеніне күн сайын көз жеткізіп жүрмін. Сондықтан, Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын екеніне сенімім зор.
Еліміздің қол жеткізген толағай табыстарын, Елбасының ерен еңбегін шәкірттеріме күн сайын мақтанышпен айтудан жалыққан емеспін. Әр жасөспірімнің, әр оқушының жүрегіне отаншылдықты, еліне деген патриоттық сезімді сіңіруге сәт сайын күш салып келеміз. Жиырма жылға жуық еңбек өтілімде талай қызықты да, күрделі сәттерді бастан кештім. Әр шәкірттің жүрегін түсіну, әр баланың көңіліне жол табу оңай емес. Тәжірибелі ұстаздардан үйреніп те жүрміз. Мәселен, мектебіміздің директорының бізге үйретері өте көп.
Мұғалімдік қызмет маған өте ұнайды. Әр сәт сайын шәкірттерімнің жанында болуға асығамын. Менің алғашқы шәкірттерім өмірден өз орындарын тауып, қоғамның түрлі саласына еңбекке араласып жүр. Оларды да көрген сайын көңілімді қуаныш кернейді. Шәкірттеріміздің бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты болып жетілуін қалаймын. Себебі, бұл күнде біздің мемлекетті әлем біледі. Ертең біз тәрбиелеген шәкірттер де әлемнің әр түкпірін аралап, үлкен белестерде жүруі мүмкін. Осындай абырой жолында тер төгуге міндеттіміз.
Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына – 25 жыл. Бұл жылдарың әр сәтінде үлкен тағылым, тарих, ерлік, өнеге, ұлағат жатыр. Мұны барша қазақстандықтармен бірге менің шәкірттерім де сезінуде. Себебі, біздер отаншылдықты олардың ойына сәт сайын құйып отырмыз. Еліміздің білімді болашағын дайындау жолында еңбек етуден жалықпаймыз.

Айгүл Тезекбаева,
№16 Д.Карбышев атындағы
орта мектептің мұғалімі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support