- Advertisement -

Кісілік келбеті

154

- Advertisement -

азамат, ғалым, ректор махметғали сарыбеков – 60 жаста

Білімді, дарынды адам еңбекқор болса, талай белестерді бағындырып, мол табысқа жетері анық. Біз әңгімеге арқау еткелі отырған азаматтың еңбек және өмір жолы осыны айғақтай түседі. Бұл оның өзіндік өмір мектебі десек, артық айтпаймыз. Ол талай қызметтерді атқара жүріп, мықты басшы ретінде қалыптасты. Ғалым, ұстаз, Қазақстан интеллигенциясының айқын, прогрессивтік өкілі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков қызықты да кәсіби өмір жолдарынан өтіп, үлкен белестерді бағындыра білді. Қай мәселені қолына алса да, қай жерде басшылық қызмет атқарса да, атқарған істерінде үлгі боларлықтай терең із қалдыруға ұмтылады. Сөзге – шешен, уәждері мен идеяларында терең мағына бар әрі ойға қонымды. Сол бастамаларын жүзеге асыруда табандылық пен үйлесімділік танытып, іскер адамдарды маңына топтастыра білетін, мол тәжірибе жинақтаған, жаңа формацияда қалыптасқан жаңашыл басшы.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық білім академиясының академигі Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында ұстаздар отбасында дүниеге келген. 1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика мамандығы бойынша үздік бітіріп, ұстаздық еңбек жолын 1978 жылы ауыл мектебінде бастаған. 1981 жылы Мәскеу қаласында аспирантураға оқуға түсіп, экология мәселелері бойынша кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын, ал 1996 жылы Алматы қаласында докторлық диссертациясын қорғап шықты. 1984-1998 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы болып бастап, оқу ісінің проректорлығына дейін көтеріледі. 1998-2004 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, 2004-2009 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, 2009-2012 жылдары Білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды. Осы кезеңде ол министрліктің Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Назарбаев университеті, Назарбаев интеллектуалдық мектептері, Назарбаев қоры» туралы заңдарды дайындаған жұмыс тобын басқарып, үлкен іс атқарды. 2012 жылдан бері  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін басқаруда.

Бүгінгі таңда ТарМУ – 60 мамандық бойынша бакалавр, 39 мамандықта магистрлер даярлайтын, докторантурада 3 мамандығы, 12 мыңға жуық студенті, 800-ге жуық профессор-оқытушысы бар өңірдегі ең үлкен флагманды жоғары оқу орны. Студенттердің білім алуына, ғылыммен, спортпен шұғылдануына, демалуына барлық жағдайлар жасалған. Профессор-оқытушылар да өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін еш жіберген емес.

Махметғали Нұрғалиұлының кісілігі – қарапайымдылығы мен кішіпейілділігінде. Университет басшысының алғаш ұжыммен танысып, ашық-жарқын сыр бөліскен жиын оқытушылардың әлі есінде. Сол жолы басқосуда ректор білім мен ғылым сапасы, студенттердің үлгерімі, құжаттардың бірізділігі  мен жүйелілігі, оқытудың материалдық  және әдістемелік  базасы, тәртіп мәселелері, ұжымдағы психологиялық климат, әдептілік секілді келелі мәселелерді кеңінен толғады. Былайша айтқанда, «Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек», –  деген қағиданы ұстану қажеттігін айқын ұқтырды. Бұл – басшының алғашқы кездесуі болғанымен, көп ұзамай-ақ, басшыға қарап айналасындағылардың бой түзейтініне көзіміз айқын жетті. Ұжым алдында көптен бері осы тұрғыда жүйелі, мазмұнды, шешендік шеберлікпен ауқымды әңгіме қозғалмаған еді.

Университет басшыларының ішінде жас буынның гармониялы дамуына, ішкі және сыртқы саясатты, ұлы дала тарихы мен ұрпаққа тәрбие беру ісін сабақтастырған Махметғали Сарыбеков болды. Оның уақыт тауып сенбіліктерде жастармен бірге болуы, ұжыммен біте қайнасып етене жақын болып адамдардың көңіл-күйін дөп басып отыруы, қажет болғанда дер кезінде қолдау-көмек көрсетуге дайын тұруы, беделін арттыра түсті. Ұжымның саяси-интеллектуалдық потенциалын көтеру мақсатында Елбасының Жолдауларының, бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының, қабылданған түрлі заңнамалардың мазмұнын ұдайы ұжымға жеткізіп, түсіндіріп отыруы оңды резонанс тудырды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – Оңтүстік өңірдегі аса ірі мәдени, білім мен ғылым ордасы. Биыл мамырда Махметғали Сарыбековтің басшылығымен тоғызыншы рет «Дулати оқулары» өткізілді. Жалпы, Тараз жерінен 250-ден астам ғұлама шыққан. Сондықтан, осыдан 6 ғасырдай бұрын Қазақ хандығының туы тігілген Әулиеата жерінде халықаралық конференциялардың өткізіліп тұруы да заңдылық секілді.

М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі –  Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасып жатқан ұлы мұралардың бірі емес, бірегейі. Ал ұлы құндылықты өмірге әкеліп, адамзат игілігіне қалдырған тарихи тұлғаның адамзат мақтанышына айналуы заңдылық. «Тарихи таным – кез-келген ұлтты біріктіретін, қалыптастыратын, патриоттық сезімін ұштайтын, оны дамытатын құдіретті тетік болып табылады», – дейді ректор. Махметғали Нұрғалиұлы басшылық етіп отырған университет М.Х.Дулати мұраларын ұлықтауды еш уақытта ұмыт қалдырған емес. «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының кеңейтіліп, құрамының қайта жасақталуы – осы сөзіміздің дәлелі.

Университет басшысы тарихи танымдық тақырыптар бойынша оқытушылар мен студенттерге жиі дәріс оқып тұрады. Сондай бір кезекті дәріс аяқталғанда бір профессор: «Аға, бұрын философиядан дәріс бергеніңізде тек сіздің сабағыңыздан әсер алушы едік, бірақ университет басшысының мазмұнды мына әңгімесінен кейін гуманитарияның рөлі туралы көзқарасым өзгерді. Біз инженерия өкілдері өзімізді кейде асыра бағалайтын сияқтымыз, ал бұл жолы гуманитарияның қоғам, адам өмірінде алатын орны ерекше екенін айқын түсіндім», – дегені бар. Негізі Махметғали Сарыбеков те инженерия мамандығының өкілі болған. Кейін басшылық қызметтерде жүргенде инженерияның шеңберінен шығып, қызмет талабына байланысты, гуманитарияға ойысты. Кезінде Елбасымыз Н.Назарбаев та инженерияның өкілі – металлург болған, кейін мемлекет билігінің тізгінін ұстаған соң, инженерия туралы білімінің аздық ететінін байқап, гуманитария алыптары А.Смит, Д.Рикардо, К. Маркс сияқты қоғам заңдылықтарын айқындайтын алыптардың еңбектерімен танысып, білімін тереңдетіп кеңейтті емес пе?! Қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік заңдылықтарын білгеннен кейін, мемлекет тұтқасын мығым ұстауға мүмкіндік алып, экономиканы рыноктық қатынас жолына бұрып, ұтымды реформаларды жүргізіп, халықтың әл-ауқатын аз уақыт ішінде көтеруге болатынын дәлелдеп, қоғамды «Қазақстандық жол»  атты идеясымен бекемдеді. Былайша айтқанда, инженерия практикасы гуманитарияның толыққандылығы үшін қызмет етті.

Жалпы, министрлік кадрларды іріктеуде екінің бірін сатылатып жоғарылата бермесе керек. Көзі қырағы, таланты мен қабілеті жарасқан, ұйымдастырушылық қолтаңбасы бар, әр саладан мол тәжірибе жинақтаған, жауапкершілігі қалыптасқан маманды алыстан зер салып бақылай отырып, көп сынамай-ақ жылжыта беруі заңдылық. Байқасақ, Махметғали Сарыбеков әр үш-төрт жылда лауазым баспалдақтарынан табысты өтіп отырған. Өзі педагогтар ортасында өсіп, тәрбиеленген. Әкесі Нұрғали Сарыбеков – академик, Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Экология проблемаларымен шұғылданып, мол табыстарға қол жеткізген. Анасы – Жібек Өсімова аталмыш институтта математика пәнінен дәріс берген, аға оқытушы. Оның зайыбы Жанат Төленқызы да педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Іні-қарындастарының барлығы білім және ғылым саласында әртүрлі лауазымды қызмет атқаруда. Көбісінің ғылыми атақтары бар. Мұндай әулетті көпшілік «педагогтар династиясы» деп атайды. Және бұл білім мен ғылым саласында сирек кездесетін «құбылыс».

Тұлғаның тұлғалық қалыптасуы саяси мәдениетінің қалай қалыптасқандығымен сыналса керек. Сондықтан, саяси мәдениеті жоғары Махметғали Сарыбековтің облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы етіп тағайындалуы да кездейсоқ емес-ті. Мұндай үлкен сенімге, мол тәжірибесі бар кәнігі саясаткер ғана тартылса керек. Президент (2015 жылы) және Парламент (2016 жылы) сайлауын комиссия төрағасы үлкен жауапкершілікпен өткізді. Сайлау науқанын ол үлкен абыроймен атқарды. Президент сайлауын Махметғали Нұрғалиұлы былай деп еске алады: «Мені таңдандырғаны – таңертең, сағат 7 болмастан сайлау учаскелері алдында қарақұрым халықтың жиналғандығы. Дауыс беру рәсімінің тек 7-де басталатындығына қарамастан, таяққа сүйенген қариялардан бастап, жастарға дейін кезекте тұрды. Қазақстан халқының өзінің азаматтық ұстанымын білдіруде белсенділік танытуы мені ерекше қуантты!».

ТарМУ-дың студент жастары қоғамда белсенді саяси позиция ұстаудан сырт қалмайды. Ресми түрде бекітілген «Жас Отан», «Студенттік парламент», «Қазақстан студенттер альянсы», «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, студенттік құрылыс жасақтары, «Enactus» халықаралық жастар ұйымы, «Достық» студенттер ассамблеясы, «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы, «Беркут» полицияға көмек көрсету отряды, «Инабат» қыздар клубы, «Тараз» әдеби жастар клубының мүшелері үнемі бірлесе жұмыс жүргізіп отырады. Студент жастардың әлеуметтік (әсіресе, жатақхана) жағдайын ректор да назардан тыс қалдырған емес. Профессор-оқытушылармен бірге студенттердің рухани қажеттіліктеріне дем беріп, көмек көрсетіп отырады. Соның арқасында ұжымның ауызбіршілігі артты. Жастар да оқытушылар да өзара ұйымшыл.

Біздің университет – оңтүстік өңірдің ең ірі патент иеленушісі. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған республикадағы 10 инженерлік бейімдегі зертханалардың бірі бізде орналасқан. Осы наноинженерлік зертханасында еліміздің басқа өңірлерінде жоқ құрал-жабдықтар бар. Жапондық құрылғылардың көмегімен бүгінде зертханада наноқұрылымды тамақ материалдары негізінде құндылығы жоғарыланған жаңа тамақ өнімдері  жасалуда, өсімдік және целлюлозалық негізде тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндіру үшін алдын ала қасиеттері берілген жаңа конструкциялық материалдар, нано және биотехнологияны қолдану арқылы өнеркәсіп қалдықтарын полимеризациялау әдісімен беріктігі жоғары композициялық материалдар алынуда. Былғары өңдеу және былғары бұйымдарын жетілдіру, жаңа материалды құрудың химиялық технологияларын әзірлеу мұнай-газ, су шаруашылығы бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстары тиянақты жүргізілуде. Ғалымдарымыздың әлеуетінің жоғары және ғылыми зерттеулері жоғары ғылыми-техникалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін материалдық, ғылыми-техникалық, өндірістік базасының бар болуы өнертапқыштық салада зор жетістікке жетуге мүмкіндік беруде. Елбасы  Жолдауында елдегі патенттер мен авторлық куәліктердің нақты жүзеге асырылуына (коммерциялануына) талдау жүргізуді тапсырғаны белгілі. Университет ғалымдары ТМД-да және алыс шет мемлекеттерде теңдесі жоқ жаңа құрылғылар мен жабдықтарға, механизмдерге, құрылыс материалдарына орта есеппен жыл сайын 35-40 ҚР инновациялық патентін алуда.

Университетте «Зерттеушілердің наноинженерлік әдістері» институты, 6 ғылыми-зерттеу және өндірістік орталықтар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, М.Сарыбековтің бастамасымен «Биология» кафедрасының қасынан студенттер, магистранттар практикадан өтетін ғылыми-өндірістік «Фитохимия» орталығы ашылды. Орталық соңғы инновациялық технологиямен жабдықталған, Оңтүстік Корея компаниясының көмегімен салынған. Бұл университет зертханаларында өнеркәсіп қалдықтарын жергілікті материалдарды қолдану негізінде материалдар мен бұйымдарды алудың нанотехнологиялары мен бұйымдарды құруға, жергілікті өнеркәсіп қалдықтары және шикізат негізінде жаңа құрылыс материалдарын жасауға, мұнай-газ өнеркәсібінің жабдықтарын жобалауға, ауыл шаруашылық кешені, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін өнімділігі жоғары прогрессивті технологиялар құруға мүмкіндік беруде.

2015 жылы ТарМУ Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық Еуропалық университеттер қауымдастығының мүшелігіне өтті. Қауымдастыққа бізден басқа Көкшетау, Астана университеттері де мүше болды. Бұл ұйым университеттер арасында білім кеңістігінің мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, білім сапасын арттыру мақсатында құрылған. Сондықтан, Тараз мемлекеттік университетінің Еуразиялық университеттер қауымдастығының мүшесі атануы – оның халықаралық деңгейде мойындалуының бірден-бір айқын көрінісі деуге әбден болады. Бұл, әрине, алдымен ұйымшыл ұжымның, оны басқарып отырған білікті басшының еңбегінің жемісі.

Бүгінгі таңда ТарМУ – білім берудің мемлекеттік стандарттарын жасауда және суландыру технологиялық бағыттарындағы 11 мамандық бойынша мемлекеттік стандарттар авторларының бірі. Олардың арасында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Оңтүстік Корея, Египет, Түркия, Ресей бар.

М.Сарыбеков «Жасыл экономиканы» дамытудың Бас жоспарын қайта қарастырып, жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Нәтижесінде аумақты көріктендіру, «Жастар аллеясын»  қалпына келтіру, қосымша демалыс алаңдарын орналастыру, «Жастар сарайы» алдында күн батереяларын орналастыру ісі жедел жүзеге асырыла бастады. Біздің студенттер қант қызылшасын тамшылатып суғарудың заманауи жетістіктері және пластикті мульчирлеу арқылы өсіру технологиясының зерттеу халықаралық жобасымен де таныс. ТарМУ Калифорния (АҚШ) университетінің суғару орталығымен іскерлік қатынас орнатқан. Бүгінде аталған оқу орнымен бірлесіп құралған Қазақ-Америка басқару және бизнес орталығы нарықтық экономика мамандарын   даярлаудың  мектебіне айналып отыр.

Студент жастардың сапалы білім алуға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ТарМУ Азия, Еуропаның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуға ұмтылыс жасауда. Университетте қабылданған білім беру Стратегиясының аясында «ақылды қоғам», «ақылды білім» жобаларын информатизациялап, бәсекелестікке қабілетті етіп, оны әлемдік тенденция ретінде қабылдап, іске асырудың барлық жағдайлары жасалынған.

М.Сарыбеков  Қазақстан-Түркия Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің мүшесі. Бұл  оның халықаралық кеңістікте де  танымалдылығын көрсетеді. Оның еңбегінің халықаралық деңгейде еленгені, бір сөзбен айтқанда, абырой-беделінің, елеулі еңбегінің, бауырлас мемлекеттердің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты нығайту жолындағы атқарылған табысты істерінің айшықты белгісі. Сонымен қатар, университет басшысы Оңтүстік аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған Ұлттық ғылыми кеңестің де төрағасы.

М.Сарыбековтің іскерлігі –  білім мен ғылымды тең дамыта отырып, оны Елбасымыздың идеяларымен ұштастыра білуінде. Елбасы Жолдауында «халықтың жаңа өмір сапасы» деген тың ұғым айтылды. «Өмір сапасы – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес анықталады. Өткен ғасырда төрт-ақ мемлекет: Жапония, Финляндия, Сингапур, Онтүстік Корея осы стандарттарға толық сәйкестігін дәлелдеген. Бұл межеге білім, ғылыммен ұштасқан жағдайда ғана жететінімізді Елбасы дөп басып айтып отыр. Сондықтан да Қазақстан ғылымының әлеуетін көтеру – негізгі стратегиялық бағытқа айналуда. Ғылымды қаржыландыру бұрын-соңды болмаған, ішкі жалпы өнімнің 3 пайызына дейін арттыру көзделуде», – дейді Махметғали Нұрғалиұлы.

ТарМУ халықаралық білім беру кеңістігінде интеграцияны тереңдету, білім алушылардың академиялық мобильділігін дамыту мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің  (ШЫҰҰ) желісіне қосылып отыр. Соның арқасында университет студенттері жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламасы бойынша ШЫҰҰ шеңберінде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдана алатын болады. Сондай-ақ, біздің университет Беларусь-Қазақстан ғылыми-білім консорциумының мүшесі. Консорциум аясында Беларусь жоғары оқу орындарымен бірлесіп, 8 жоба әзірленуде. Оның ішінде «Дәнді дақылды қайта өңдеу негізінде жаңа тұрпаттағы өнімдер алу үшін техникалар мен технологиялар әзірлеу» жобасының маңызы ерекше. Бұл жобаның біздің аграрлы аймақтың экономикасын арттыруға тигізер септігі мол болары анық.

Ректор күнделікті жұмысында өзімен кездесеміз деушілерге шектеу қоймайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл мәселе демократияландырылған. Көптеген маңызды жиналыстарға, іс-шараларға қатысып тұрады. Кез-келген құжаттардың сауатты толтырылып, тапсырмалардың тыңғылықты, жүйелі орындалуына баса мән береді. Нәтижесінде, жоғарыдан келген түрлі нұсқаулардың, тексерулердің, аттестация және аккредитация қорытындылары дер кезінде шығарылады. Бұл басшының өзіне де, өзгеге де қоятын қатаң талаптарының нәтижесі болса керек.

Махметғали  Сарыбеков – көрнекті ғалым. Жүзден аса экологиялық білім және тәрбие, педагогикалық кадрларды кәсіби даярлау мәселесіне арналған ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің экологиялық дайындықтарының теориясы және практикасы», «Мұғалімдердің экологиялық дайындығының жүйесі», «Экология және мен» монографиялары, «Ғылым сөздігін» ерекше атап өтуге болады. Оның ғылыми жетекшілігімен 3 доктор және 20 ғылым кандидаттары өз еңбектерін қорғап шыққан.

Оның көп жылғы білім мен ғылым, қоғам өміріне сіңірген еңбегі еленбей  қалған жоқ. Мемлекеттік наградалары, атақтары да жетерлік. «Құрмет ордені», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Үздік ректор – 2005», «Үздік ректор – 2006» Білім және ғылым министрлігінің марапаттары мен Құрмет грамоталары,  «ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекелік медальдары – солардың бір парасы ғана.

Тәуекелбек Жаңақұлов,

М.Х.Дулати атындағы 

Тараз мемлекеттік 

университетінің профессоры.

Білімді, дарынды адам еңбекқор болса, талай белестерді бағындырып, мол табысқа жетері анық. Біз әңгімеге арқау еткелі отырған азаматтың еңбек және өмір жолы осыны айғақтай түседі. Бұл оның өзіндік өмір мектебі десек, артық айтпаймыз. Ол талай қызметтерді атқара жүріп, мықты басшы ретінде қалыптасты. Ғалым, ұстаз, Қазақстан интеллигенциясының айқын, прогрессивтік өкілі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков қызықты да кәсіби өмір жолдарынан өтіп, үлкен белестерді бағындыра білді. Қай мәселені қолына алса да, қай жерде басшылық қызмет атқарса да, атқарған істерінде үлгі боларлықтай терең із қалдыруға ұмтылады. Сөзге – шешен, уәждері мен идеяларында терең мағына бар әрі ойға қонымды. Сол бастамаларын жүзеге асыруда табандылық пен үйлесімділік танытып, іскер адамдарды маңына топтастыра білетін, мол тәжірибе жинақтаған, жаңа формацияда қалыптасқан жаңашыл басшы.Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық білім академиясының академигі Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында ұстаздар отбасында дүниеге келген. 1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика мамандығы бойынша үздік бітіріп, ұстаздық еңбек жолын 1978 жылы ауыл мектебінде бастаған. 1981 жылы Мәскеу қаласында аспирантураға оқуға түсіп, экология мәселелері бойынша кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын, ал 1996 жылы Алматы қаласында докторлық диссертациясын қорғап шықты. 1984-1998 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында оқытушы болып бастап, оқу ісінің проректорлығына дейін көтеріледі. 1998-2004 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кафедра меңгерушісі, оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры, Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, 2004-2009 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, 2009-2012 жылдары Білім және ғылым вице-министрі қызметтерін атқарды. Осы кезеңде ол министрліктің Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Назарбаев университеті, Назарбаев интеллектуалдық мектептері, Назарбаев қоры» туралы заңдарды дайындаған жұмыс тобын басқарып, үлкен іс атқарды. 2012 жылдан бері  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін басқаруда.Бүгінгі таңда ТарМУ – 60 мамандық бойынша бакалавр, 39 мамандықта магистрлер даярлайтын, докторантурада 3 мамандығы, 12 мыңға жуық студенті, 800-ге жуық профессор-оқытушысы бар өңірдегі ең үлкен флагманды жоғары оқу орны. Студенттердің білім алуына, ғылыммен, спортпен шұғылдануына, демалуына барлық жағдайлар жасалған. Профессор-оқытушылар да өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін еш жіберген емес.Махметғали Нұрғалиұлының кісілігі – қарапайымдылығы мен кішіпейілділігінде. Университет басшысының алғаш ұжыммен танысып, ашық-жарқын сыр бөліскен жиын оқытушылардың әлі есінде. Сол жолы басқосуда ректор білім мен ғылым сапасы, студенттердің үлгерімі, құжаттардың бірізділігі  мен жүйелілігі, оқытудың материалдық  және әдістемелік  базасы, тәртіп мәселелері, ұжымдағы психологиялық климат, әдептілік секілді келелі мәселелерді кеңінен толғады. Былайша айтқанда, «Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек», –  деген қағиданы ұстану қажеттігін айқын ұқтырды. Бұл – басшының алғашқы кездесуі болғанымен, көп ұзамай-ақ, басшыға қарап айналасындағылардың бой түзейтініне көзіміз айқын жетті. Ұжым алдында көптен бері осы тұрғыда жүйелі, мазмұнды, шешендік шеберлікпен ауқымды әңгіме қозғалмаған еді. Университет басшыларының ішінде жас буынның гармониялы дамуына, ішкі және сыртқы саясатты, ұлы дала тарихы мен ұрпаққа тәрбие беру ісін сабақтастырған Махметғали Сарыбеков болды. Оның уақыт тауып сенбіліктерде жастармен бірге болуы, ұжыммен біте қайнасып етене жақын болып адамдардың көңіл-күйін дөп басып отыруы, қажет болғанда дер кезінде қолдау-көмек көрсетуге дайын тұруы, беделін арттыра түсті. Ұжымның саяси-интеллектуалдық потенциалын көтеру мақсатында Елбасының Жолдауларының, бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының, қабылданған түрлі заңнамалардың мазмұнын ұдайы ұжымға жеткізіп, түсіндіріп отыруы оңды резонанс тудырды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – Оңтүстік өңірдегі аса ірі мәдени, білім мен ғылым ордасы. Биыл мамырда Махметғали Сарыбековтің басшылығымен тоғызыншы рет «Дулати оқулары» өткізілді. Жалпы, Тараз жерінен 250-ден астам ғұлама шыққан. Сондықтан, осыдан 6 ғасырдай бұрын Қазақ хандығының туы тігілген Әулиеата жерінде халықаралық конференциялардың өткізіліп тұруы да заңдылық секілді. М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегі –  Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасып жатқан ұлы мұралардың бірі емес, бірегейі. Ал ұлы құндылықты өмірге әкеліп, адамзат игілігіне қалдырған тарихи тұлғаның адамзат мақтанышына айналуы заңдылық. «Тарихи таным – кез-келген ұлтты біріктіретін, қалыптастыратын, патриоттық сезімін ұштайтын, оны дамытатын құдіретті тетік болып табылады», – дейді ректор. Махметғали Нұрғалиұлы басшылық етіп отырған университет М.Х.Дулати мұраларын ұлықтауды еш уақытта ұмыт қалдырған емес. «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының кеңейтіліп, құрамының қайта жасақталуы – осы сөзіміздің дәлелі. Университет басшысы тарихи танымдық тақырыптар бойынша оқытушылар мен студенттерге жиі дәріс оқып тұрады. Сондай бір кезекті дәріс аяқталғанда бір профессор: «Аға, бұрын философиядан дәріс бергеніңізде тек сіздің сабағыңыздан әсер алушы едік, бірақ университет басшысының мазмұнды мына әңгімесінен кейін гуманитарияның рөлі туралы көзқарасым өзгерді. Біз инженерия өкілдері өзімізді кейде асыра бағалайтын сияқтымыз, ал бұл жолы гуманитарияның қоғам, адам өмірінде алатын орны ерекше екенін айқын түсіндім», – дегені бар. Негізі Махметғали Сарыбеков те инженерия мамандығының өкілі болған. Кейін басшылық қызметтерде жүргенде инженерияның шеңберінен шығып, қызмет талабына байланысты, гуманитарияға ойысты. Кезінде Елбасымыз Н.Назарбаев та инженерияның өкілі – металлург болған, кейін мемлекет билігінің тізгінін ұстаған соң, инженерия туралы білімінің аздық ететінін байқап, гуманитария алыптары А.Смит, Д.Рикардо, К. Маркс сияқты қоғам заңдылықтарын айқындайтын алыптардың еңбектерімен танысып, білімін тереңдетіп кеңейтті емес пе?! Қоғамның экономикалық, саяси-әлеуметтік заңдылықтарын білгеннен кейін, мемлекет тұтқасын мығым ұстауға мүмкіндік алып, экономиканы рыноктық қатынас жолына бұрып, ұтымды реформаларды жүргізіп, халықтың әл-ауқатын аз уақыт ішінде көтеруге болатынын дәлелдеп, қоғамды «Қазақстандық жол»  атты идеясымен бекемдеді. Былайша айтқанда, инженерия практикасы гуманитарияның толыққандылығы үшін қызмет етті. Жалпы, министрлік кадрларды іріктеуде екінің бірін сатылатып жоғарылата бермесе керек. Көзі қырағы, таланты мен қабілеті жарасқан, ұйымдастырушылық қолтаңбасы бар, әр саладан мол тәжірибе жинақтаған, жауапкершілігі қалыптасқан маманды алыстан зер салып бақылай отырып, көп сынамай-ақ жылжыта беруі заңдылық. Байқасақ, Махметғали Сарыбеков әр үш-төрт жылда лауазым баспалдақтарынан табысты өтіп отырған. Өзі педагогтар ортасында өсіп, тәрбиеленген. Әкесі Нұрғали Сарыбеков – академик, Жамбыл педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Экология проблемаларымен шұғылданып, мол табыстарға қол жеткізген. Анасы – Жібек Өсімова аталмыш институтта математика пәнінен дәріс берген, аға оқытушы. Оның зайыбы Жанат Төленқызы да педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Іні-қарындастарының барлығы білім және ғылым саласында әртүрлі лауазымды қызмет атқаруда. Көбісінің ғылыми атақтары бар. Мұндай әулетті көпшілік «педагогтар династиясы» деп атайды. Және бұл білім мен ғылым саласында сирек кездесетін «құбылыс». Тұлғаның тұлғалық қалыптасуы саяси мәдениетінің қалай қалыптасқандығымен сыналса керек. Сондықтан, саяси мәдениеті жоғары Махметғали Сарыбековтің облыстық аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы етіп тағайындалуы да кездейсоқ емес-ті. Мұндай үлкен сенімге, мол тәжірибесі бар кәнігі саясаткер ғана тартылса керек. Президент (2015 жылы) және Парламент (2016 жылы) сайлауын комиссия төрағасы үлкен жауапкершілікпен өткізді. Сайлау науқанын ол үлкен абыроймен атқарды. Президент сайлауын Махметғали Нұрғалиұлы былай деп еске алады: «Мені таңдандырғаны – таңертең, сағат 7 болмастан сайлау учаскелері алдында қарақұрым халықтың жиналғандығы. Дауыс беру рәсімінің тек 7-де басталатындығына қарамастан, таяққа сүйенген қариялардан бастап, жастарға дейін кезекте тұрды. Қазақстан халқының өзінің азаматтық ұстанымын білдіруде белсенділік танытуы мені ерекше қуантты!».ТарМУ-дың студент жастары қоғамда белсенді саяси позиция ұстаудан сырт қалмайды. Ресми түрде бекітілген «Жас Отан», «Студенттік парламент», «Қазақстан студенттер альянсы», «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, студенттік құрылыс жасақтары, «Enactus» халықаралық жастар ұйымы, «Достық» студенттер ассамблеясы, «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы, «Беркут» полицияға көмек көрсету отряды, «Инабат» қыздар клубы, «Тараз» әдеби жастар клубының мүшелері үнемі бірлесе жұмыс жүргізіп отырады. Студент жастардың әлеуметтік (әсіресе, жатақхана) жағдайын ректор да назардан тыс қалдырған емес. Профессор-оқытушылармен бірге студенттердің рухани қажеттіліктеріне дем беріп, көмек көрсетіп отырады. Соның арқасында ұжымның ауызбіршілігі артты. Жастар да оқытушылар да өзара ұйымшыл. Біздің университет – оңтүстік өңірдің ең ірі патент иеленушісі. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған республикадағы 10 инженерлік бейімдегі зертханалардың бірі бізде орналасқан. Осы наноинженерлік зертханасында еліміздің басқа өңірлерінде жоқ құрал-жабдықтар бар. Жапондық құрылғылардың көмегімен бүгінде зертханада наноқұрылымды тамақ материалдары негізінде құндылығы жоғарыланған жаңа тамақ өнімдері  жасалуда, өсімдік және целлюлозалық негізде тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндіру үшін алдын ала қасиеттері берілген жаңа конструкциялық материалдар, нано және биотехнологияны қолдану арқылы өнеркәсіп қалдықтарын полимеризациялау әдісімен беріктігі жоғары композициялық материалдар алынуда. Былғары өңдеу және былғары бұйымдарын жетілдіру, жаңа материалды құрудың химиялық технологияларын әзірлеу мұнай-газ, су шаруашылығы бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстары тиянақты жүргізілуде. Ғалымдарымыздың әлеуетінің жоғары және ғылыми зерттеулері жоғары ғылыми-техникалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін материалдық, ғылыми-техникалық, өндірістік базасының бар болуы өнертапқыштық салада зор жетістікке жетуге мүмкіндік беруде. Елбасы  Жолдауында елдегі патенттер мен авторлық куәліктердің нақты жүзеге асырылуына (коммерциялануына) талдау жүргізуді тапсырғаны белгілі. Университет ғалымдары ТМД-да және алыс шет мемлекеттерде теңдесі жоқ жаңа құрылғылар мен жабдықтарға, механизмдерге, құрылыс материалдарына орта есеппен жыл сайын 35-40 ҚР инновациялық патентін алуда. Университетте «Зерттеушілердің наноинженерлік әдістері» институты, 6 ғылыми-зерттеу және өндірістік орталықтар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, М.Сарыбековтің бастамасымен «Биология» кафедрасының қасынан студенттер, магистранттар практикадан өтетін ғылыми-өндірістік «Фитохимия» орталығы ашылды. Орталық соңғы инновациялық технологиямен жабдықталған, Оңтүстік Корея компаниясының көмегімен салынған. Бұл университет зертханаларында өнеркәсіп қалдықтарын жергілікті материалдарды қолдану негізінде материалдар мен бұйымдарды алудың нанотехнологиялары мен бұйымдарды құруға, жергілікті өнеркәсіп қалдықтары және шикізат негізінде жаңа құрылыс материалдарын жасауға, мұнай-газ өнеркәсібінің жабдықтарын жобалауға, ауыл шаруашылық кешені, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін өнімділігі жоғары прогрессивті технологиялар құруға мүмкіндік беруде. 2015 жылы ТарМУ Санкт-Петербург қаласындағы халықаралық Еуропалық университеттер қауымдастығының мүшелігіне өтті. Қауымдастыққа бізден басқа Көкшетау, Астана университеттері де мүше болды. Бұл ұйым университеттер арасында білім кеңістігінің мазмұнын жетілдіру, оқу стандарттарын жасау, білім сапасын арттыру мақсатында құрылған. Сондықтан, Тараз мемлекеттік университетінің Еуразиялық университеттер қауымдастығының мүшесі атануы – оның халықаралық деңгейде мойындалуының бірден-бір айқын көрінісі деуге әбден болады. Бұл, әрине, алдымен ұйымшыл ұжымның, оны басқарып отырған білікті басшының еңбегінің жемісі.Бүгінгі таңда ТарМУ – білім берудің мемлекеттік стандарттарын жасауда және суландыру технологиялық бағыттарындағы 11 мамандық бойынша мемлекеттік стандарттар авторларының бірі. Олардың арасында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Оңтүстік Корея, Египет, Түркия, Ресей бар. М.Сарыбеков «Жасыл экономиканы» дамытудың Бас жоспарын қайта қарастырып, жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Нәтижесінде аумақты көріктендіру, «Жастар аллеясын»  қалпына келтіру, қосымша демалыс алаңдарын орналастыру, «Жастар сарайы» алдында күн батереяларын орналастыру ісі жедел жүзеге асырыла бастады. Біздің студенттер қант қызылшасын тамшылатып суғарудың заманауи жетістіктері және пластикті мульчирлеу арқылы өсіру технологиясының зерттеу халықаралық жобасымен де таныс. ТарМУ Калифорния (АҚШ) университетінің суғару орталығымен іскерлік қатынас орнатқан. Бүгінде аталған оқу орнымен бірлесіп құралған Қазақ-Америка басқару және бизнес орталығы нарықтық экономика мамандарын   даярлаудың  мектебіне айналып отыр.Студент жастардың сапалы білім алуға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ТарМУ Азия, Еуропаның әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуға ұмтылыс жасауда. Университетте қабылданған білім беру Стратегиясының аясында «ақылды қоғам», «ақылды білім» жобаларын информатизациялап, бәсекелестікке қабілетті етіп, оны әлемдік тенденция ретінде қабылдап, іске асырудың барлық жағдайлары жасалынған. М.Сарыбеков  Қазақстан-Түркия Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің мүшесі. Бұл  оның халықаралық кеңістікте де  танымалдылығын көрсетеді. Оның еңбегінің халықаралық деңгейде еленгені, бір сөзбен айтқанда, абырой-беделінің, елеулі еңбегінің, бауырлас мемлекеттердің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты нығайту жолындағы атқарылған табысты істерінің айшықты белгісі. Сонымен қатар, университет басшысы Оңтүстік аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған Ұлттық ғылыми кеңестің де төрағасы.М.Сарыбековтің іскерлігі –  білім мен ғылымды тең дамыта отырып, оны Елбасымыздың идеяларымен ұштастыра білуінде. Елбасы Жолдауында «халықтың жаңа өмір сапасы» деген тың ұғым айтылды. «Өмір сапасы – экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес анықталады. Өткен ғасырда төрт-ақ мемлекет: Жапония, Финляндия, Сингапур, Онтүстік Корея осы стандарттарға толық сәйкестігін дәлелдеген. Бұл межеге білім, ғылыммен ұштасқан жағдайда ғана жететінімізді Елбасы дөп басып айтып отыр. Сондықтан да Қазақстан ғылымының әлеуетін көтеру – негізгі стратегиялық бағытқа айналуда. Ғылымды қаржыландыру бұрын-соңды болмаған, ішкі жалпы өнімнің 3 пайызына дейін арттыру көзделуде», – дейді Махметғали Нұрғалиұлы.ТарМУ халықаралық білім беру кеңістігінде интеграцияны тереңдету, білім алушылардың академиялық мобильділігін дамыту мақсатында Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің  (ШЫҰҰ) желісіне қосылып отыр. Соның арқасында университет студенттері жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламасы бойынша ШЫҰҰ шеңберінде білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдана алатын болады. Сондай-ақ, біздің университет Беларусь-Қазақстан ғылыми-білім консорциумының мүшесі. Консорциум аясында Беларусь жоғары оқу орындарымен бірлесіп, 8 жоба әзірленуде. Оның ішінде «Дәнді дақылды қайта өңдеу негізінде жаңа тұрпаттағы өнімдер алу үшін техникалар мен технологиялар әзірлеу» жобасының маңызы ерекше. Бұл жобаның біздің аграрлы аймақтың экономикасын арттыруға тигізер септігі мол болары анық.Ректор күнделікті жұмысында өзімен кездесеміз деушілерге шектеу қоймайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл мәселе демократияландырылған. Көптеген маңызды жиналыстарға, іс-шараларға қатысып тұрады. Кез-келген құжаттардың сауатты толтырылып, тапсырмалардың тыңғылықты, жүйелі орындалуына баса мән береді. Нәтижесінде, жоғарыдан келген түрлі нұсқаулардың, тексерулердің, аттестация және аккредитация қорытындылары дер кезінде шығарылады. Бұл басшының өзіне де, өзгеге де қоятын қатаң талаптарының нәтижесі болса керек. Махметғали  Сарыбеков – көрнекті ғалым. Жүзден аса экологиялық білім және тәрбие, педагогикалық кадрларды кәсіби даярлау мәселесіне арналған ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің экологиялық дайындықтарының теориясы және практикасы», «Мұғалімдердің экологиялық дайындығының жүйесі», «Экология және мен» монографиялары, «Ғылым сөздігін» ерекше атап өтуге болады. Оның ғылыми жетекшілігімен 3 доктор және 20 ғылым кандидаттары өз еңбектерін қорғап шыққан.Оның көп жылғы білім мен ғылым, қоғам өміріне сіңірген еңбегі еленбей  қалған жоқ. Мемлекеттік наградалары, атақтары да жетерлік. «Құрмет ордені», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, «Үздік ректор – 2005», «Үздік ректор – 2006» Білім және ғылым министрлігінің марапаттары мен Құрмет грамоталары,  «ҚР Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы», «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекелік медальдары – солардың бір парасы ғана.
Тәуекелбек Жаңақұлов,М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support