- Advertisement -

«Нұрлы жер» аясында банктер ипотеканы 10%-бен береді

84

- Advertisement -

2017 жылдан бастап Қазақстандық ипотекалық компания халыққа 17 пайызбен берілетін екінші деңгейдегі банктердің ипотекасын 7 жыл ішінде 7 пайызбен субсидиялайтын болады. Осылайша, қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 10 пайызды құрайды. Бұл туралы тұрғын үй құрылысы бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланып жатқан үкімет отырысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі.

«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» бағдарламасының 4 бағытына белсенді қатысады. Қолжетімді ипотекалық қарыздарды беру жолымен халықтың сұранысын ынталандыру бағыты бойынша түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі арқылы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге екінші деңгейдегі банктерді тарту жоспарланған. Бұл бағытта екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық міндеттемелерін сатып алу үшін 2001 жылы құрылған Қазақстандық ипотекалық компания оператор болады», — деді Е.Досаев.

Оның айтуынша, 2017 жылдан бастап Қазақстандық ипотекалық компания халыққа 17 пайызбен берілген екінші деңгейдегі банктердің ипотекасын 7 жыл ішінде 7 пайызбен субсидиялайды. Осылайша, қарыз алушы үшін түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі 10 пайызды құрайтын болады.

«Бұл ай сайынғы төлемдері орта есеппен 30 пайызға төмендетеді. 10 мыңнан аса қарыз алушы екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдетілген ипотека ала алады», — деді ол.

2017 жылғы республикалық бюджетте екінші деңгейдегі банктердің 125 млрд. теңге ипотекасын субсидиялауға мүмкіндік беретін 10 млрд. теңге қаражат көзделген.

«Қазақстандық ипотекалық компанияның сыйақысы ипотекалық қоржын көлемінің 1,3 пайызын құрайды. Аталған шара субсидиялау тетігіне қатысушы банктер санының өсуін ынталандыруға жағдай жасайды», — деді Е.Досаев.

 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support