- Advertisement -

Енді отандық әуекомпанияларының барлығы Еуропаға еш кедергісіз ұшатын болды

121

- Advertisement -

Отандық әуекомпанияларының барлығы енді Еуропаға еш кедергісіз ұшатын болды. Бүгінгі күнге дейін Air Astana әуекомпаниясынан басқа 19 қазақстандық компанияға бұл кеңістікке ұшуға шектеу қойылған болатын. Еуропалық комиссия Брюссельде өткен отырысында қазақстандық авиакомпаниялардың еш қиындықсыз ұшуына ресми түрде рұқсат берді. Онда еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін таныстырған болатын. Азаматтық авиация комитеті ұшу саласындағы барлық ескертпелерді жойып, елімізде ИКАО стандарттарын енгізу деңгейін 74 пайызға дейін көтерді. Бекен Сейдахметов, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы: — ИКАО 8 критикалық элемент бойынша барлық елді бір құжатпен қадағалайды. ИКАО екі-үш жыл ішінде өз құжаттарын дамытып отырады. Біз де сол құжатқа сәйкес оларға сай болуымыз керек. Сол үшін күнделікті онлайн-режимінде қадағалап отырамыз.

ақпарат көзі. 24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support