- Advertisement -

Астанада Елбасының қатысуымен «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» фестивалі басталды

60

- Advertisement -

«Сарыарқа» велотрегінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» фестивалі басталды. Салтанатты шараны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде ашты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Маңызды жиынға 10 мыңнан астам адам қатысып жатыр.

Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» және «Қайырымдылық керуені» атты жалпы республикалық жобалардың қорытындысы шығарылды. Қазақстанның барлық өңірінен келген этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз өнерлерін ортаға салады деп күтілуде.

Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-дың басшылары, ЖОО-ның ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы және студенттер қауымы, Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері қатысуда.

ақпарат көзі: Baq.kz 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support