- Advertisement -

Зүлфия Ғабидуллина – «Алтын Адам» сыйлығының иегері

74

- Advertisement -

Құрамына елімізге танымал тұлғалар енген әділ-қазылар алқасы қоғамдық пікірді ескере отырып, батылдығы, ерлігі, дарыны, еңбегі Отанымыздың игілігіне айналған 2016 жылғы мәдениет, бизнес, медицина, өнер, спорт салаларындағы жоба лауреаттарының есімдерін анықтады.
Олардың қатарында жерлесіміз, Рио-де-Жанейрода өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина да бар. Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жамбылдық спортшы «Алтын Адам» медалін «Жыл паралимпиадашысы» аталымы бойынша иеленіп отыр. Айта кету керек, спорт саласындағы «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атағын «Қоғамдық тану» аталымы бойынша Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев та алды.
Биылғы Олимпиада жылы – спорттың суда жүзу түрі бойынша қазақстандық атлеттердің алтын медальді еншілеуімен табысты болды. Рио-де- Жанейрода 22 спорт түрі бойынша паралимпиадалық 528 медаль жиынтығы сарапқа салынғаны баршаға мәлім. Спорттың осынау түрінің тарихында алғаш рет ұлттық паралимпиада құрамасының қанжығасына алтын байланды. Бұл айрықша ірі олжаны қоржынымызға әкеліп қосқан Зүлфияны қазақстандықтардың алақандарына салып аялайтындай-ақ жөні бар.
Олимп биігіне қайтпас қайсарлық танытып, жанкешті еңбегімен, мақсаткерлікпен өрлеп жеткен спорт ақтаңгерлерінің қатары толығуда. «Алтын Адам» мүсіншесі биыл да өзінің нағыз иесін тапты деген ойдамыз. Жүлде құтты болсын, Зүлфия!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support