Бауыржан Исламхан – жыл үздігі

Бауыржан Исламхан – жыл үздігі
ашық дереккөз
Бауыржан Исламхан – жыл үздігі

Елімізде футбол маусымы аяқтала салысымен мамандар жылдың үздік футболшысын анықтайтын дәстүр бар. Сол дәстүрге сай биыл да жылдың үздік футболшысы анықталды. Осымен бірнеше мәрте Жамбыл футболының түлегі Бауыржан Исламхан «Жылдың үздік ойыншысы» атағына қол жеткізіп отыр. Кәсіпқой футболшы ретіндегі мансабын «Тараз» футбол клубында бастаған Бауыржан Исламхан бүгінде алматылық «Қайрат» футбол клубында өнер көрсетіп жүр. «Қайрат» сапында еліміздің екі дүркін күміс жүлдегері атанған жамбылдық жампоз Еуропа лигасында да жасындай жарқырай білді. Ол осы маусымда тамаша ойын үлгісін көрсеткен «Астана» ойыншысы Азат Нұрғалиев пен «Қайраттың» тағы бір сұрмергені Жерар Гоуды дауыс беру нәтижесінің қорытындысы бойынша басып озды. Мамандар Исламханға 46 ұпай берсе, Азат пен Жерар Гоу 27 ұпай иеленген. Десе де, бапкерлер мен капитандардың сегізі Азатты бірінші орынға қойғандықтан Нұрғалиев Гоудан жоғары тұр. Біз Исламханның әлі талай биіктерді бағындыратынына сенеміз. Оның ойынына қызығушылық танытып жатқан еуропалық командалар да бар көрінеді.

Ұқсас жаңалықтар