- Advertisement -

Талабын танытқандарға тұрақты жұмыс табылады

74

- Advertisement -

Ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылдың өзінде 1818 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында аудандағы көптеген мәдени-әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, халыққа қызмет көрсетуде.
Жаз айларында инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 448,1 миллион теңге бөлініп, осы қаржы есебінен Жеміс-жидек ауылындағы балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 112,1 миллион теңге қаржы қарастырылды. Осы жөндеу жұмысын жүргізген «Айсері ИК» ЖШС жергілікті 19 адамды жұмысқа қамтып, айлығы және зейнетақы қорына тиісті қаржыны уақтылы төлеп тұрды. Сол сияқты Трубицын атындағы мектеп-гимназияның күрделі жөндеу жұмысына да 75 адам тартылды. Аудандағы елді мекендер жолдарын ағымды және күрделі жөндеуге және су құбырларын қалпына келтіру жұмыстарына 297 миллион теңге қаржы қарастырылып, ол жұмыстарға 49 азамат тартылды. Сондай-ақ, «Совет» шаруа қожалығы жеміс ағаштарын өсіріп, 5 адамды уақытша жұмысқа алды.
Ал бағдарламаның екінші бағыты бойынша 94 жұмыссыз азамат өз ісін ашуға ниет білдірген еді. Оның 30-ы кәсіпкерлік негіздері курсын оқып бітірді. Несие алған азаматтар қатарында Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Манапов пен Сарымолдаев ауылдық округінің тұрғыны Еркін Қырықбаев, Ақарал ауылдық округінің шаруасы Дулатбек Еркешовтер бар. Бұлар 3 миллион теңгеден несие алып, 24-30 және 28 бас ірі қара мал алып, бордақылап, ет-сүт өндіру бағытында жұмыс жасауда. Әрқайсысы қосымша 1 жұмыс орнын ашып отыр.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы қолдауымен 6 миллион теңгеге дейін несие алған Пернекүл Бекбаева 20 бас жылқы, Нурслан Абдразаков 40 бас мүйізді қара малын алып қосымша 1 жұмыс орнын ашып, ет өндіру бағытында жұмыс жүргізуде.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқытуға 16 азамат жолданып, жаңа мамандықты игерді. «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмыспен қамту орталығы 30 жас маманды 57 мекемеге жіберді. Бағдарлама аясында «Жастар тәжірибесі» арқылы уақытша жұмысқа жолданған азаматтардың бірі – Азат Айдархан Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман инспекторы лауазымына, Ғазиза Рахымбаева аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығына» жастар ісі кеңесшісі болып тұрақты жұмысқа қабылданды.
Жергілікті бюджеттен ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген 14 адамның барлығы бүгінде тұрақты жұмысқа орналасты. Осы орайда ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарлама өте қажетті және халықтың игілігі үшін қабылданған құжат екенін тұрғындар түсініп, алғыстарын айтуда.

Бақытжан Иманбетов,
аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support