- Advertisement -

Тілендиев түлектері грузияда топ жарды

183

- Advertisement -

Грузияның астанасы Тбилиси қаласында жасөспірімдер арасында «Гамарджоба Тбилиси» халықаралық ән байқауы өткен болатын. Екінші мәрте ұйымдастырылған бұл өнер додасына қатысқан облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының шәкірттері олжалы оралды.
Грузия астанасына өнерлі өрендерді мектеп-интернаттың директоры Эльмира Жақсылықова бастап барды. Байқауда бірнеше мемлекеттен үш кезең бойынша 150-ден астам үміткер бақ сынаған. Нұрғиса Тілендиев атындағы мектеп-интернаттың 11-сынып оқушысы Жалғас Айтқұл кең тараған ән «Туған жерді» орындаса, аталған білім ордасының 9-сынып оқушысы Ермахан Байсейіт «Асыл ана» әнін шабыттана шырқаған. Жас таланттарға таңданған қазылар алқасы Жалғасты жоғары топ бойынша, Ермаханды орта топ бойынша жеңімпаз деп таныды. Сондай-ақ, Жалғас Айтқұлды «Әртістік шеберлігі үшін» арнайы кубогімен марапаттады. Осылайша, Тбилисиге барған өнерлі өнерпаздар үлкен олжамен оралды.
Жеңімпаз өрендерді Н.Тілендиев атындағы мектеп ұжымы және БАҚ өкілдері қуанышпен қарсы алып, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта салтанатты жиын өтті. Ұстаздар тарапынан ұйымдастырушы Айжан Мырзахметова, музыка маманы Әуесхан Салабеков жүрекжарды сөздерін айтып, қазақы дәстүрмен шашу шашылды. Көк жүзіне қызыл-жасыл шарлар ұшырылып, әйгілі композитор, дәулескер күйші атындағы мектеп-интернат шәкірттерінің жеңісіне мәре-сәре болып қуанды.
– Бұл – өңірдің үлкен жеңісі. Өрендеріміз аталған жетістіктерін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр. Шәкірттеріміздің өнері өте жоғары деңгейде болып, түрлі мемлекеттен келген өнер майталмандарын таңдандырды. Бұл – мектеп ұжымының жетістігі. Мектебіміз әйгілі композитор, ұлы тұлға Нұрғиса Тілендиевтің атында болғандықтан, біз осылай өнердің биігінде жүруге тиіспіз. Оған мүмкіндігінше жағдай жасап отырмыз. Музыка маманы Әуесхан Көсембекұлының еңбегі зор. Өнерлі шәкірттеріміз сенімді ақтады. Жеңімпаздарды ұйымшылдықпен қарсы алған ұжымға және БАҚ өкілдеріне ризашылығымды білдіремін. Біздің бұл өрендеріміз алдағы уақытта Санкт-Петербургте өтетін халықаралық байқауда бақ сынайтын болады, – деді аталған мектеп-интернат директоры Эльмира Жақсылықова.

Есет досалы,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support