- Advertisement -

Семейден олжалы оралдық

118

- Advertisement -

Семей қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығатын спортшылар бақ сынап, мерейімізді үстем етті. Олар командалық есепте екі алтын, алты қола медальды иеленді.
Атап айтқанда 100 келі салмақта Абай Ерболұлы жеңістің ең биік тұғырына көтеріліп, спорт шебері нормативін орындады. 100 келіден жоғары салмақта Жамбыл Тұрғыналиев екінші мәрте ел чемпионы атанды. Жамбыл бұл жолы да қарсылас шақ келтірген жоқ. Сондай-ақ, ерлер арасында 66 келіде Жеңіс Сайлаубай, Бекарыс Мұхтар және 73 келіде Бекәділ Шаймерденов қола жүлдеге қол жеткізді. Оларға шешуші белдесуге жолдама үшін сәл ғана сәттілік жетіспеді.
Әйелдер арасында да еңсеміз түскен жоқ. 52 келі салмақта Гаухар Дүкенбай, 57 келіде Аида Карчаева, 63 келіде Әйгерім Мұратәлі қола медальды еншілеп, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Есімі спорт жанкүйерлеріне белгілі Әйгерім Мұратәлінің шығар биігі жоғары екеніне күмәніміз жоқ. Алдағы ел чемпионаттарында, байрақты бәсекелерде осынау спортшылар алтын тұғырдан көрінуге күш салады. Бұл орайда облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде барлық мүмкіндіктер бар.

Дархан Баймбетов,
облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің әдіскері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support