- Advertisement -

Астана даянынан бір алтын

83

- Advertisement -

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Астана қаласында жасөспірімдер арасында таэквондодан ел біріншілігі өтті. Еліміздің әр қиырынан кіл мықтылар топқа түскен додаға жамбылдық спортшылар да қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Астана даянында 26 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен №21 мектептің 5-сынып оқушысы Лейли Гамидова шапшаңдығымен, дәлдігімен, ерекше шеберлігімен көрермен қауымды өнеріне тәнті ете білді. Әр шайқас сайын ерекше шабыт алып, рухтанып шыққан Лейлидің алдында қарсыластары кәдімгідей абыржып қалды. Нұржан Есілбаев жаттықтыратын жас өрен жарыс барысында өзінің шын мықты екеніне еш шүбә келтірмеді. Жарысты бір демде өткізген Лейли Гамидова ел чемпионатында алтыннан алқа тағынып, қуанышымызды үстемеледі. Лейлидің болашағынан үлкен үміт күтуге болады.

Бағила Сәттерова,
Мағжан Жұмабаев атындағы №21
мектептің тәлімгері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support