- Advertisement -

Ұлт жоспарындағы ұстаздар үлесі

108

- Advertisement -

Бигелді ТӘЖІБАЕВ,
облыс әкімдігі
білім
басқармасының
оқу-әдістемелік
кабинеті
басшысының
орынбасары.

 

Мемлекет басшысының еліміз Тәуелсіздігін алған сәттерден бастап ұстанып келе жатқан басты жолы – елдің тыныштығы, мемлекетіміздің басты құндылығы саналатын Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігі, тату келісімі мен жасампаздығы, этносаралық, дінаралық өзара түсіністігі екені белгілі. Осы құндылықтарымыз сақталса, қазақстандықтардың қомақты табыстарға қол жеткізері анық. Соның бір айғағындай, еліміз дамудың даңғыл жолына да түсті. Елбасымыз өзінің 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолдауында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жариялап, халқымыздың ежелден арман-аңсары болған Мәңгілік Ел биігіне жетер жолды анықтап берді.
Сонымен бірге, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі мемлекетіміздің айрықша басымдыққа ие міндеттерінің біріне айналып отыр. Әлемдегі дамушы 30 елінің қатарына ену үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың Қазақстан халқының ұлттық мәдени құндылықтарын, мемлекеттік тілді, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша әдістер және инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес білім берудің сапасы мен деңгейін көтеру бүгінгі таңда қашанғыдан да өзекті бола түсті.
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деп Мемлекет басшысының өзі айтқандай, Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім саласын дамытуға ерекше назар аударылды. Оны өзіміздің өңірімізде жүзеге асырылып жатқан игілікті істерден де айқын байқауға болады. Мысалы, 2000 жылы облыстың білім саласын қаржыландыруға 3,2 миллиард теңге бөлінсе, бүгінде оның көлемі 28,2 есеге артты. Мектепке дейінгі, орта білім беретін білім беру ұйымдарының желісі өсті, инфрақұрылымы жаңарды. Аймақта дарынды балаларға арналған мектептер ашылды. Оқушыларымыздың интеллектуалды әлеуеті артып, осы жылдар ішінде 1046 оқушы халықаралық, дүниежүзілік білім додаларында жеңімпаз атанды. Осының бәрі – мемлекет тарапынан білім саласына деген үлкен қамқорлық, болашаққа жасалған ең үлкен инвестиция екені даусыз.
Республикалық, халықаралық байқауларда жалпы 179 мұғалімнің жеңімпаз боп танылуы, дарынды оқушыларымыздың халықаралық, әлем олимпиадалары мен ғылыми жарыстарында 68 медальді, республикалық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша 1-командалық орынды иеленуі, биылдың өзінде 3 мұғалімнің республика көлемінде «Үздік педагог» атануы – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Болашағы біртұтас Елді құруға қосқан облыс ұстаздарының тынымсыз еңбегінің жемісі.
Бүгінде сондай-ақ жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу жұмыстары жолға қойылып отыр. Атап айтсақ, өңірімізде 16189 педагог білім беру саласында кеңінен таралған педагогикалық технологиялар мен дидактикалық жүйелерді өз тәжірибелеріне енгізіп, табысты қолдану үстінде. 2012-2016 жылдар аралығында деңгейлік курстардан – 4077, қысқа мерзімді курстардан – 15200, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша – 3756 мұғалім, мектеп басшыларының тоғыз айлық курстарынан 142 директор өтіп, барлығы 23 175 (98,2 пайыз) педагог біліктіліктерін жетілдіруге қол жеткізді.
Облыстың білім мекемелеріндегі 56 эксперименттік алаңның (3-і – мектепке дейінгі, 26-сы – орта, 27-сі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары) жұмысы зерделеніп, 6 білім мекемесі мен 62 педагогтің озық іс-тәжірибелері облыс көлемінде таратылды.
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 89-қадамына сәйкес 2015-2016 оқу жылында облыс мектептерінде 6-сыныптарға арналған Мәңгілік Ел, 7-сыныптарға арналған Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірлік жолы үлгісінде құрылған «Көшбасшылық мектебі» оқу бағдарламалары облыстың 349 мектептеріне енгізіліп, оқытумен барлығы 33559 оқушы қамтылды. Оқу курстары тарих пәнінің 394 мұғалімінің күшімен жүргізілді.
Ал Мәңгілік Ел тәрбие және білім беру орталықтары желісі жеті ауданда (Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин, Жуалы ауданындағы Д.Қонаев, Мойынқұм ауданындағы Жамбыл, Т.Рысқұлов ауданындағы Ш.Уәлиханов, Сарысу ауданындағы Абай атындағы орта мектептерде, Меркі ауданындағы №39 мектеп-гимназиясы мен Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінде) құрылып, оқушылар бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, дамытуға бағытталған нақты жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша Мәңгілік Ел тәрбие және білім беру орталықтарына 187 көшбасшы мектептің 22 561 оқушысы қамтылған. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын педагогтер арасында насихаттау мақсатында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған іс-шараларға 7 560 педагог қатыстырылды.
Алдағы уақытта мұндай жұмыстар одан әрі де өз жалғасын табатын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support