- Advertisement -

Келесі жылдан бастап Дубай көшелерін робот полицейлер күзетеді

110

- Advertisement -

Дубайдың полиция департаменті 2017 жылдан бастап қалада жұмысқа кірісетін алғашқы робот полицейді таныстырды, деп хабарлайды tjournal.

Таныстыру Парсы шығанағы өңірінің GITEX Technology Week 2016 36-шы халықаралық ақпараттық технологиялар көрмесі аясында өтті.

Жобаны іске асырудың егжей-тегжейі айтылмайды. Алайда, Дубай полициясы таяудағы төрт жыл ішінде робот полицейлерді жаппай пайдалануға енгізуді жоспарлап отыр.

Дубай полициясы жоғары технологиялар департаментінің басшысы полковник Халид Разуки бұдан бұрын робот белгілі бір жағдайларда жұмысты алмастыра алатынын хабарлаған.

Ақпарат көзі: Baq.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support