- Advertisement -

Кейкі батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстары қарашада аяқталады

83

- Advertisement -

Венгриядағы Жаратылыстану ғылымдары мұражайындағы мамандар Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13 қазанда Будапештке Кейкі батырдың бассүйегі жеткізілді. Музейдегілердің айтуынша, мамандар батырдың бас сүйегінің бет-бейнесін құрастыру үшін оны үш өлшемді компьютерлік томографияға түсіреді. Ол бас сүйекті толықтай зерттеуге көмектеседі. Ал жалпы бейнені қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын мамандар 18 қазанда Будапеште өтетін баспасөз конференциясында айтып беруге уәде берді.

«Үш өлшемді модельді суретке түсіріп, ДНҚ сараптамаларының үлгілерін алған соң, Кейкі батырдың бас сүйегі Қазақстанға қайтарылады. Сосын ресми түрде өтетін салтанатты кеште батырдың бассүйегі оның туған жері Торғай ауданындағы жер қойнына тапсырылады. Сондай-ақ, онда батырға арналған тарихи ескерткіш орнатылады», — деп хабарлады музейдегі мамандар.

Сонымен қатар, Венгриядағы ғалымдар қажетті ғылыми зерттеулерді де жүргізеді. Олар бас сүйекке тиген зақымдарды анықтап, ДНҚ сараптамаларын жүргізеді. Жалпы антропологиялық сараптаманы Андраш Жолт Биро мен Шандор Евингер жүргізеді. Ал Кейкі батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстарымен Агнеш Куштар айналысады.

Венгр антропологтары 2006 жылдан бері Қазақстандағы Орталық мемлекеттік музеймен біріге отырып, антропологиялық және генетикалық зерттеулер жүргізіп келеді.

Айта кетейік, Венгрияның антропологтары Кейкі батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру жұмыстарын 2016 жылдың желтоқсанына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Ақпарат көзі: Baq.kz 

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support