- Advertisement -

НҰРСҰЛТАН – СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

78

- Advertisement -

Белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің шәкірті, Тараз қаласының тұрғыны Нұрсұлтан Аманжолов Таиландта өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында +91 килограмм салмақта топ жарып, жеңімпаз атанды. Ол финалдық жекпе-жекте Ресей боксшысы Сергей Смолиннен басым түсті. Жартылай финалда белорус Евгений Медникті жарыс жолынан шығарды. Құдай қаласа, аса ауыр салмақта Левит, Дычколардан басқа да талантты боксшы Тараздан да шығайын деп тұр.
Бұған дейін бірқатар додада көзге түскен Нұрсұлтан Аманжолов Бішкектегі Д.Шопоковты еске алуға арналған турнирде Біріккен Араб Әмірліктерінің үміті Алмерами Хамадты нокаутпен жеңген болатын.
Жамбылдық алып боксшының бойы 2 метр. «Нұрсұлтан бір-екі жылда тәжірибесі толысқан боксшыға айналғалы тұр», – дейді бапкері Нұрлан Ақүрпеков.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support